ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі материалдық емес мәдени мұраны қорғау Конвенциясының 20-жылдығына арналған арнайы фотокөрменің ашылатынын қуана хабарлайды. Бұл айтулы шара аясында атадан балаға аман жеткен әралуан материалдық емес бай мұра көпшілік назарына ұсынылмақ.

2023 жылдың 14-27 қыркүйегі аралығында өтетін көрме материалдық емес мәдени мұраның рухани құндылығы мен маңыздылығын заманауи тәсілдер арқылы көрсету көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Мұражай қонақтарына Конвенция шеңберінде  жарыққа шығарылған салт-дәстүр, қолөнер мен түрлі рәсімдер, мәдениет айшықтары мен мерекелер жайлы танымдық фотосуреттер мен визуалды әңгімелер ұсынылады.

Көрме Конвенция және материалдық емес мәдени мұра (ICH) туралы жалпы шолу, Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра және Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне Орталық Азия елдерінен ұсынылған элементтеріне арналған үш бөлімнен тұрады.

Көрменің ашылу рәсімі 14 қыркүйек күні сағат 16:00-ға жоспарланған. Салтанатты шараға ЮНЕСКО Алматы бюросының өкілдері мен Музей басшылығы қатысады.

Тарих пен мәдениетті қастерлеп, өнерді сүйетін қауымды музейге келіп, көрмеде ұсынылған бірегей фотосуреттермен танысуға шақырамыз.

Материалдық емес мәдени мұраның маңыздылығын ұғып, оның байлығын сақтап қалуға әркім үлес қосуға тиіс.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі, Самал-1, 44. Анықтама телефоны: 264-46-50.