Esentai Gallery-де «Driven by Dreams»  («Арманға негізделген») ашық республикалық байқауының жеңімпаздары жұмыстарының көрмесі басталады. Сегіз қазақстандық автордан тұратын жеңімпаздар ұйымдастырушылар ұсынған арт-резиденция негізінде өздерінің көркемдік жобаларын іске асыра алды. Жұмыстар Esentai Gallery галереясының кәсіби экспозициясында ұсынылған. 4 қыркүйекте көрме қонақтар үшін есігін ашып, екі айға созылады. Кіру толығымен тегін.

Esentai Gallery директоры, Art Future жобасының негізін қалаушы, куратор және арт-кеңесші Тоғжан Сақбаева атап өткендей, жазғы арт-резиденция бағдарламасы қатысушылардың шығармашылық таланттарының жаңа қырларын сәтті ашты.

«Жаздың басында жеңімпаздарды іріктеу барысында «Driven by Dreams» арт-резиденциясының тақырыбының ауқымы кең болғандықтан бізге қатысушылардың жобаларын бағалау кезінде таңдау жасау өте қиын болғанын атап өткен жөн. Алайда, бүгін біз өз таңдауымызда қателеспедік деп сеніммен айта аламыз. Байқауда жеңіске жеткендердің барлығы шынымен терең және жарқын шығарма жасады. Техника, стиль, композициялық шешімдерде үлкен айырмашылықтар болғанымен барлық жұмыстар таң қалдырады, ерекше эмоциялар тудыратын, жүректе ұзақ сақталып қалады. Алматылықтар мен қаламыздың қонақтарына көрмеге келіп, осы ерекше, жарқын және жасампаз туындылардан ләззат алуға кеңес беремін», - дейді ол.

Байқау қазылар алқасының төрағасы, өнертану кандидаты, Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми хатшысы Екатерина Резникованың айтуынша, мұндай жобалар бүгінде Қазақстанда үлкен сұранысқа ие және ел тұрғындары оларға үлкен қызығушылық танытуда. Бұнда мәселе тек шығармаларда ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы өнер адамының рөлі туралы жаңа түсініктің қалыптасуында. Сондықтан, осы жобаны ұйымдастырған неміс автомобиль өндірушісі Porsche сияқты біздің еліміздің нарығында жұмыс істейтін жетекші компаниялардың заманауи өнерді белсенді қолдайтындығын тек құптауға болады.

 

20230913 104919 by timabaldin

«Біздің конкурсымыздың жеңімпаздары әр түрлі жастағы, әр түрлі жанрдағы және медиа бағыттағы өнер адамдары болды. Олардың қолынан шыққан барлық жұмыстар өздерінің бірегейлігімен және эмоционалды кемелділігімен таң қалдырады. Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің ерекше тұжырымдамаларын, идеяларын, қозғалыс философиясы туралы көзқарасын жүзеге асыра отырып, барлығын өнер туындысына айналдырды. Менің ойымша, бүгінгі таңда жоғары сапалы өнер жобаларын насихаттау және қолдау өте маңызды. Біздің жеңімпаз сайыскерлеріміздің әлеуеті зор – біздің жоба аясындағы жұмысты жалғастыру біз күткеннен асып түсетін нәтижелер әкелгені бекер емес. Көрмеге қош келдіңіздер – бұл жұмыстар көруге тұрарлық», - деді Екатерина Резникова.

Өз кезегінде Porsche Centre Almaty жобасын ұйымдастырған Гаухар Ғабдрахимова атап өткендей, опенколл финалистері Қазақстанның қазіргі заманғы өнер әлеміне елеулі үлес қосатындай шын мәнінде жарқын жұмыстар жасады.

«Біздің жоба резиденттерінің топтық көрмесі басталады. Біз оны асыға күттік. Біздің жеңімпаздарымыздың жұмыстарының экспозициясы қызығушылық тудырады деп ойлаймын – арт-резиденцияда жүзеге асырылған көркемдік жобалар шынымен де назар аударуға тұрарлық. Бұл ойымды өнертанушылар да қолдайды. Жеңімпаздарымызды тағы да шын жүректен құттықтап, әдемі, есте қаларлық туындылары үшін алғыс айтқым келеді», – деп ойын түйіндеді Гаухар Ғабдрахимова.

Сонымен қатар ол ұйымдастырушылардың жоспарындағы келесі қадам - авторларды шығармашылықтарын дамытуға ынталандыру және түскен қаражаттың бір бөлігін қайырымдылыққа бағыттау үшін жұмыстар аукционын өткізу екенін айтты.

Әл-Фараби 77/8, Esentai Mall, 2-қабат, Esentai Gallery. Кіру 10:00-ден 22:00-ге дейін және тегін.