Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы қаласы күні мерекесі аясында, 15 қыркүйек күні сағат 19:00-де Испан суретшісі Хуан Саликеттің арт-жобасының ашылуы өтеді.
Испан суретшісі Хуан Саликеттің "Алматы трилогиясы" жеке арт-жобасы "РОЅТКАРД" (ашықхат), "The Skin I Dressed" (мен киетін Былғары) және "Correspndencias" (хат алмасу) атты шығармашылық жобаларының аралық нәтижесі болып табылады. Музей кеңістігінде қойылған нысандар трилогияның барлық бөліктерін көрсетеді. Экспозицияда Алматы қаласының Көк Базар кеңістігіне көркемдік интервенцияның видео перформансы, трилогияға кіретін 16 фотосурет, ашық хаттар сериясы, сондай-ақ арт-жобалардың бейне тізбегі ұсынылған. Соғыс кезенінен кейінгі Америка авангардтық композиторы Джон Кейдждің композициясы перформанстың дыбыстық сүйемелдеуі ретінде әрекет етіп, суретшінің қаланы андеграундты – поэтикалық қабылдау күйін күшейте түседі
Автор идеяларға назар аударатын "студиялық" түсірілімнен айырмашылығы, бұл жобаларда суретші субъекттерді заманнан тыс алып тастап, кездейсоқ, интуитивті қабылдау сезімдерге жүгінеді. Қалада таралған бір типтік текстуралар, пішіндер мен контурлар, ғимараттар, табиғи және қолдан жасалған артефактілер фотографиялық линза арқылы қаланың даму жолдарының келбетін көрсете отырып, өткен күн жәдігерлерінің қазіргі жағдайын баяндайды. Шетел өкілі сезіміне суйене отырып, автор антропоценнің жаһандық үдерісіне және Батыс үлгісінде жаңғыру жолындағы өз тұрақтылығымен өзгеріп жатқан Алматы бейнелерін ой елегінен өткізеді. Бір жоба жұмыстары келесі жобаның түйінің нақты белгілер арқылы жарияламай үйлесімді жалғасын тауып жатады.
- "Осы керемет қаламен жеті жыл аралығында қатынаста болу мені әр уақытта жаңа топтама мен көптеген идеяларға шабыттандырады. Сіз барлық жерде шынайы өмірмен, өнермен қоршалғансыз. Менің кішіпейіл ниетім - заманауи өнер тұрғысынан жаңартылған бейне көріністі ұсынуға тырысу"
"Қызық, жақынырақ назар аудара отырған сайын, уақыт өте келе бірқатар жұмыстардың егжей-тегжейлері американдық абстрактті экспрессионизм мектебінің бөліктерімен ұқсастыққа дейін жақындай түседі"
Визуал суретші және белсенді Хуан Саликет Испанияның Мадрид қаласында тұрады және жұмыс жасайды. Суретшінің Нью-Йоркте, Парижде, Мадридте, Барселонада, Бейрутта, Алматыда, Дубайда және басқа елдерде 80-нен астам жеке және топтық көрмелері өткен. Оның зерттеулерінің негізгі бағыттары-формалар мен процестердің өзгеруі және деконструкциясы, пішін мен жарықтың өзара әрекеттесуі, антропология, антропоцен, пост/нео, күнделікті нысандар.
Көрме 2023 жылдың 08 қазанына дейін жалғасады.