2023 жылдың 18-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде (DIAEA) Тэджондағы халықаралық өнер алмасу қауымдастығы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен «Жер планетасына тағзым» атты халықаралық 15-ші көрмесі өтеді.
Көрменің негізгі мақсаты - халықтар арасындағы өзара мәдени байланыс пен ынтымақтастықты қолдау және нығайту. Бейбітшілік пен тұрақтылықты, табиғат пен қоршаған ортаның сұлулығын насихаттау және әлемдегі табиғи апаттар мен адамның тікелей іс-әрекетінен болған экологиялық апаттарға назар аудару.
Көрмеде кескіндеме, мүсін, графика және аралас техникада орындалған туындылар қойылады. Суретшілер өз туындыларын, бағыттары мен стильдерін, жалпы заманауи өнер тілі арқылы әлем халықтарының мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп, оны арттыруға үлес қосады.
Бұл көрмеге отандық және шетелдік әлемге танымал суретшілер қатысады. Қазақстаннан қатысатын танымал суретшілер:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Амандос Ақанаев, Жұмақын Қайрамбаев, Әлібай Бапанов, Болат Тұрғынбай, Бауыржан Байділда, Нелли Бубэ, Өмірбек Жұбаниязов т.б.
Бүгінде екі ел арасындағы мәдени, шығармашылық байланыс қарқынды дамуда. Академия ұстаздары мен магистранттары бірнеше рет Тэджон қаласында өткен халықаралық көрмелерге қатысып, кореялық суретшілер өнер академиясында көрме өткізіп, өзара тәжірибе алмасып келеді. «Жер планетасына тағзым» атты көрме бейнелеу өнері саласындағы жаңа заманауи бағыттағы өнер туындыларыларымен өз көрермендерін табады деп сенеміз.
Көрме қатысушыларын Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен ҚР суретшілер одағы, ҚР Көркемсурет академиясы алғыс хат, сертификаттармен мараппаттайды.
Көрме қонақтары: Оңтүстік Корея, Қазақстанның суретшілері, өнертанушылар, студенттер мен БАҚ өкілдері.
«Жер планетасына тағзым» атты халықаралық 15-ші көрмесіне ШАҚЫРАМЫЗ!
Өтетін орны: Алматы қаласы «Қазақстан Респубилкасы Мемлекеттік Орталық музейі» «Самал-І» ықшам ауданы 44
Өтетін уақыты: 18.09.2023 ж. сағат 16:00