2023 жылы 29 қыркүйек - 1 қазан күндері Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде «Алтын алма» атты Орта Азия қолөнер шеберлерінің дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Сіздердің назарларыңызға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінен келген қолөнер шеберлерінің сәнді бұйымдары мен кәдесыйлары: зергерлік бұйымдар, киізден және жібек матадан жасалған заттар мен киімдер, сазды аспаптар, шығыс миниатюрасы, тоқыма, теріден жасалған бұйымдар, сандықтар мен кілемдер ұсынылады.
Көрме-жәрмеңке ұйымдастырушыларының басты мақсаты – Орта Азия халықтарының мәдениетін насихаттау және мәдени қарым-қатынасты дамыту.
Көрме-жәрмеңке аясында қыш құюдан шеберлік сабақтар ұйымдастырылып, оны ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-шебер Марат Сарсебаев өткізеді. Шеберлік сабаққа ересектер мен балалар қатыса алады.
Уақыттары:
30.09 - 11:00 – 15:00
01.10 - 11:00 – 15:00