2023 жылдың 5 қазанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстандық суретші-иллюстратор, дизайнер Гүлфарида Жәниярованың «Өнерім – өмірім» жеке көрмесі ашылады.
Суретші Гүлфарида Джаниярова еңбектерінде адамдарға, жануарларға және табиғатқа деген шексіз сүйіспеншілігін бейнелейді, онда ол әртүрлі техникаларды, тәсілдер мен материалдарды пайдалана отырып, қуыршақтардың бірегей бейнелерін, сондай-ақ гүл мен бояулардың көптігімен ерекшеленетін көркем суреттерді жасайды, олардың арасында натюрморттар, пейзаждар, портреттер, гүл композициялары бар. Әрбір өнер туындысы – өз тақырыбы, мазмұны, стилі, тарихы бар жеке жоба.
Г. Жәниярова Алматы көркемсурет училищесінің (кескіндеме факультетін) бітірді. 1971 жылдан бастап ХVШ-ХІХ ғасырлардағы костюмдердің тарихын зерттеумен айналысып, костюм бойынша суретші болуды армандады, ал 1994 жылдан бастап концерттік костюмдерге үлкен көңіл бөле отырып, жеке тапсырыстармен жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, Гүльфарида Жаниярова Астананың тұсаукесеріне арналған костюмдер, «Әнші балапан» республикалық балалар байқауының кішкентай орындаушыларына арналған костюмдер тігіп, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары – Е. Шәкеев, Р. Стамғазиев, Қ. Әбділдина, А. Исатаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Б. Сәмединова мен М. Ілиясовалардың және т.б. костюмдерін дайындады. Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына белсенді қатысты.
Шығармашылық бағдарларды таңдауда театрлармен жұмыс жасау және ынтымақтастық қарым-қатынас маңызды рөл атқарды. Суретші Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында М. Әуезовтың «Абылай ханның соңғы күндері» спектаклі үшін қазақтың көшпелі ақсүйектерінің бұрынғы киімдеріне сәйкес келетін Хан костюмінің эскиздерін дұрыс орындады.
Г. Жаниярованың шығармашылығында ғажайып табиғаттың алуан түрлілігін көрсететін, көркем мәнерлілікпен орындалған туындылар сериясы маңызды орын алады.
Г. Жәниярова бірінші болып қазақстандық суретшілер арасындағы қуыршақтар авторларының халықаралық бірлестігінің мүшесі болды («Қазақстан қуыршақтары» авторлық жобасы). Сондай-ақ Халықаралық қуыршақтар көрмелеріне де белсене қатысты (Мәскеу қ., РФ).
Көрменің көркемдік негізі авторлық жұмыстардың жаңа топтамасы болып табылады. Олар тарихи киім киген Райымбек батыр, Шыңғыс хан, жануарлардың сәндік бұйымдары (иттер коллекциясы), сондай-ақ сирек кездесетін құстардың кескіндері.
Көрмеге 80-нен астам өнер туындылары қойылады.
Көрме 2023 ж. 19 қазанына дейін жалғасады.