2023 жылғы 4 қазанда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде СУРЕТШІЛЕР ҮЙІ көрмесінің вернисажы өтеді.

«Суретшілер үйі» – бұл 1972 жылы Ташкентте салынған көркемөнер «кластерінің» бір бөлігі. Үш қабатқа көрші ғимараттың – «Рассом» көркемөнер комбинатының суретшілері мен қызметкерлерінің пәтерлері, ал төртінші қабатта шеберханалар орналасқан болатын. Бұл үйде Өзбекстанның көптеген шығармашылықпен айналысқан өнер қайраткерлері тұрған немесе шеберханаларда жұмыс істеген.

Экспозицияда тек үш суретші – Гафур Гулям көшесінің 10-үйінде тұрған отбасы Медат Кагаровтың, Инна Васильеваның және олардың ұлы Эркен Кагаровтың шығармашылығы қойылған. Әрқайсысының шығармашылығы жеке тәжірибесімен, шеберлігімен, ізденістерімен және мағыналарымен толысқан үш дербес, шығармашылығы бір-бірінен алшақ авторлар. Жергілікті кеңістікпен, оның екпінімен, нұрымен және тынысымен, сондай-ақ әр түрлі суретшілердің өзара әсерімен және сол жылдардағы шығармашылық ортаның ортақ көңіл-күйімен байланысы бар.

«Көрмені Медат Кагаровтың 70-ші жылдардағы осы үйде немесе үйге жақын жерде түсірілген деректі фотосуреттері ашады. Олардың көпшілігі қандай да бір көркем шығарма емес, бұл күнделікті өмір сәттерінен алынған көріністер: ауладағы балалардың, көршілердің, достардың, кештердің және күнделікті дағдылардың бейнесі. Қарама-қарсы қабырғада суретшінің «Өмірбаян ІІ» атты литография сериясы бар, бұл жұмыстар Алматы қаласындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы балалық шақтың естеліктерінен бастап Ташкент қаласындағы жер сілкінісін және «Сенеждегі» шығармашылық сапарларды қамтитын оқиғалармен шабыттанған. Мысалы, Литографияда суретшінің қайғылы қаза тапқан досы және әріптесі Шухрат Әбдурашитовтың портретінде «Суретшілер үйінің» тағдыры да көрініс тапқан» - деп атап өтті суретшінің ұлы және көрмеге қатысушы Эркен Кагаров.

Медат Кагаров — ксилография, офорт, литография және линогравюра техникаларын жетік меңгерген суретші-график. Шығыс Түркістандағы (қазір Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округі) Тұрфанның суреттерімен танысу авторға үлкен әсер етті. Бұл тәжірибе оның көркем туындыларының сюжеттері мен сипатында көрініс тапты. Бұл шығармалардан біз өзінің ерекше санасыз мәңгілік өмірімен өмір сүріп жатқан шығыс сұлуларын, дервиштерді, елшілерді көреміз. Олардың қимылдары тыныштықтың үнсіздігін бұзбау үшін тиянақты. Шебердің көркем поэтикасы туындылардың түстік күші мен мәнерлі пластикасына негізделеді. Картиналардың атауларында ойланудың, «шеттетудің» жай-күйі көрсетіледі. Бұл шығармалардан біз байсалды ғұмыр кешкен шығыс сұлуларын, дәруіштерді, жолаушыларды көреміз. Олардың үнсіздікті бұзбауға тырысқан қимылдары тиянақты әрі ұстамды. Шебердің кескіндемелік поэтикасы оның шығармаларының бояу құдіреті мен мәнерлі пластикасына негізделген. Суреттердің атауларында ой толғанысы, қағажу күйі баяндалған. 

Инна Васильева — суретші, график және кино суретшісі. Костюм суретшісі ретінде «Өзбекфильм» киностудиясында фильмдер түсіруге қатысқан. Дүниеге деген сезімін, поэзиясын бір қарағанда қарапайым да түсінікті сюжеттер арқылы көрсетеді. Суретшінің картинасындағы жемістер, вазадағы гүлдер, үй бізге олардың құндылығы мен маңыздылығына қарай кенептегі әрбір заттың орнын белгілей отырып, олардың астарлы нышанын ашып қана қоймай, сонымен қатар автордың және оның замандастарының көзқарасын білдіреді. Суреттегі заттар бейтарап, құпиялық сезімдердің немесе жасырын драманың символдық бейнелерін жаңғыртады. Суретші өзі көрген түсінің әлемін бейнелейтін сияқты, онда қарапайым дүниенің артында әрқашан күрделі мағына бой түзейді, біреуі екіншісіне енеді, статикада белгісіз энергиялар пайда болады.

Эркен Кагаров — дизайнер және эксперимент қоюшы, графикалық дизайн бойынша бірқатар мақалалардың авторы және қалалық ортаны қайта құру сарапшысы. Сандық графика мен мүсіннің түрлі техникаларында жұмыс істейді. Оптикалық иллюзиялар саласындағы көптеген тәжірибелер станокты жұмыстарға, яғни суретші көрмеде ұсынатын оптикалық және кинетикалық нысандарға айналды. Затты, құбылысты және ортаны иллюзорлы қабылдау – бұл автор зерттейтін және өзінің жаңалықтарымен бөлісетін мәселе.

«Суретшілер үйі» көрмесінің кеңістігі шығармашылық әдістері, тәсілдері мен өрнектеу көзқарасы бар екі ұрпақты, үш авторды біріктірді.

Экспозиция 24 қазанға дейін жалғасады.