2023 жылдың 19 қазан күні, сағат 16:00-де, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде, CREATIVE ART халықаралық ұйымымен бірлесіп, Республика күніне арналған «ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» көрмесі өтеді.
Ғасырлар бойы Шығыс пен Батысты байланыстырған «Жібек жолы» тек сауда жолы ғана емес, әртүрлі өркениеттер арасындағы мәдени көпір болды. Бұл процесте өнер мен мәдениет маңызды рөл атқарды, ал қазіргі заманғы суретшілер мен мәдениет саласының мамандары түрлі іс-шаралар арқылы Жібек жолының тарихи маңыздылығын арттыруға тырысып келеді. Бұл күш-жігер Жібек жолы бойындағы өнердің мәдени мұрасын сақтауға, ілгерілетуге және елдер мен аймақтар арасындағы мәдени диалогты байытуға ықпал етеді.
Бұл идея - суретшілерді өнер арқылы өтетін осы маршруттың бай мәдени және тарихи мозаикасын зерттеуге және бейнелеуге шабыттандырады.
Бүгінде жоба суретшілері өнер және мәдениет саласындағы халықаралық қатынастардың дамуына өз үлестерін қосып, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда және Өзбекстанда «Жібек жолын» жалғастырғысы келеді. Болашақта бұл жобаға Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Иран, Үндістан және т. б. елдер қосылады деп үміттенеміз.
Көрмеде Қазақстан мен Оңтүстік Корея, Жапония, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ-тан бейнелеу өнері суретшілерінің 100-ден астам жұмыстары ұсынылады, олар өздерінің ерекше көзқарастары мен көркемдік таланттарын бейнелеу өнері арқылы көрсетеді.
Бұл авторлық жұмыстар - кескіндеме және аралас шығармалар туындылары.
Көрмеге Өмірбек Жұбаниязов (Қазақстан), Алпысбай Қазғұлов (Қазақстан), Марат Әбдіреев (Қазақстан), Атахан Аллабергенов (Өзбекстан), Дилором Мамедова (Өзбекстан), Ким Инхва (Жапония), Ан Хенджун (Оңтүстік Корея), Сон Хаян (АҚШ), Сон Хануль (Оңтүстік Корей-АҚШ), Ажар Уметалиева (Қырғызстан) және басқа да көптеген танымал суретшілер қатысады.
Көрме қатысушыларына Оңтүстік Кореяда, Жапонияда және Қазақстанда орналасқан Creative Art халықаралық көрме ұйымының кеңселері, сертификаттар мен дипломдар табыс етеді.
ҚР орталық музейі барлық келушілерді көрмемен танысуға шақырады.
Көрме 2-ші қарашаға дейін жалғасады.