19-қарашада Almaty Theatre, ал 21-22 қарашада «Астана Балет» сахнасында Freedom Holding Corp. қолдауымен, ұлттық валютаның 30 жылдығы аясында қазіргі заманғы өнер саласындағы ІІ FREEDOM BALLET өнер фестиалі өтеді.

Қатысушылар қатарында Мемлекеттік Вена Балетінің, Нидерланд Ұлттық балетінің, Бавария Ұлттық Балетінің, Сан-Карло театрының, «Астана Балет» театры мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының бірінші жұлдыздары бар.

19-қарашада Алматыда өнер көрсететіндер:

  • Alexey Popov, Мемлекеттік Вена Балетінің премьері;
  • Kiyoka Hashimoto, Мемлекеттік Вена Балетінің прима-балеринасы;
  • Anna Ol, Нидерланд Мемлекеттік Балетінің прима-балеринасы;
  • James Stout, Нидерланд Мемлекеттік Балетінің солисті;
  • Laurretta Summerscales - Bayerisches Staatsballett прима-балеринасы;
  • Yonah Acosta - Bayerisches Staatsballett премьері;
  • Alessandro Staiano, Театра Сан-Карло премьері;
  • Claudia D’Antonio, Сан-Карло Театрының солисті;
  • Аршак Галумян - Берлин Мемлекеттік балетінің солисті;
  • Айнұр Әбілғазина, «Астана Балет» театрының прима-балеринасы;
  • Сүндет Сұлтанов, «Астана Балет» театрының премьері;
  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солисттері.

21-22 қарашада Астанада өнер көрсететіндер:

  • Victor Caixeta, Нидерланд Мемлекеттік Балетінің премьері;
  • Elisabeth Tonev – Нидерланд Мемлекеттік Балетінің жетекші солисті;
  • Iana Salenko, Берлин Мемлекеттік балетінің прима-балеринасы;
  • Marian Walter, Берлин Мемлекеттік балетінің шақырылған солисті;
  • Laurretta Summerscales - Bayerisches Staatsballett прима-балеринасы;
  • Yonah Acosta - Bayerisches Staatsballett премьері;
  • Alessandro Staiano, Сан-Карло Театрының премьері;
  • Claudia D’Antonio, Сан-Карло Театрының солисті;
  • Аршак Галумян - Берлин Мемлекеттік балетінің солисті;
  • Айнұр Әбілғазина, «Астана Балет» театрының прима-балеринасы;
  • Сүндет Сұлтанов, «Астана Балет» театрының премьері;
  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солисттері.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, кеш қонақтары бұрын-соңды Қазақстанда орындалмаған туындыларды тамашалай алады. Бағдарлама аясында Ханс ван Манен, Дэвид Доусон, Уэйн Макгрегор, Ренато Дзанелла, Уильям Форсайт сынды балет әлеміне төңкеріс әкелген тұлғалар мен өзге де кемел хореографтардың туындылары көрсетіледі.

Фестивальдің арнайы оқиғасы - Life performance және Digital Installation жеке бағдарламасы. Балет көрсетілімі басталмас бұрын, фойеде қазіргі заманғы суретші, Performance artist Әділ Әубәкіров, New-Media artist Әнуар Мүсірепов, музыкалық продюсер әрі саунд-дизайнер Густаво Коста (Бразилия), музыкант Қанат Қыдырбаевтар Бауыржан Сағиевтің жетекшілігімен Теңге визуалды коды және Ұлы Даладағы ақша қарым-қатынастары, сондай-ақ, KASE Қазақстандық биржасының деректері негізінде цифрлық визуализация тақырыбына моноинсталляцияны ұсынады.