2023 ж. 18 қараша күні сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі мен Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы бірлесіп жыл сайынғы дәстүрлі «Жапония мәдениет күні» фестивалін өткізеді.
«Жапония мәдениет күні» фестивалінің мақсаты - Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, екі жақты байланыстарды дамыту және өзара түсіністікті тереңдету, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Күншығыс елінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, заманауи инновациялық және зияткерлік жетістіктерімен таныстыру.
Аталған іс-шарада Қазақстанда тұратын Жапония азаматтары мәдени дәстүрлерімен, заманауи өнер түрлерімен, каллиграфия, музыка, қуыршақтар, жапон компанияларының технологияларымен таныстырып, шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұл фестиваль қазақ елінің жапон мәдениетін жан-жақты тануына және Жапония туралы білімдерін одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
«Алматы қ. Жапония мәдениет күні» фестивалінде Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада мырза, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Харипова және «Нархоз» Университетінің Президенті Мирас Мұхтарұлы Дәуленов құттықтау сөз сөйлейді .
Концерттік бағдарлама:
- Дәстүрлі шамисен аспабында өнер көрсету
- «Кендо» бойынша семсерлесу (демонстрация)
- Жапон биі
- Айкидо демонстрациясы
Тақырыптық бұрыштар бағдарламасында шеберлік сыныптары ұсынылады:
- оригами бойынша шеберлік сабақ (қағаз фигураларын бүктеу өнері)
- полиграфия
- жапондық «Мори тұратын жер» фильмінің көрсетілімі
- жапон тілін үйрену сабағы
- жапондық дәстүрлі киімдерді киіп көру
- балаларға арналған бұрыш
- «го» (жапон дойбы) және «шоги» (жапон шахматы) ойын сыныбы
- такояки, онигири, мочицуки сияқты жапон тағамдарынан дәм тату
- сауыт киген самурай қуыршағының экспозициясы
Келушілердің назарына жапондық компаниялардың стендтері ұсынылады:
«Toyota Tsusho Corporation», «Tokyo Rope», «Mareven Food», «Қазақстан-Жапон Жібек Жолы Қауымдастығы».