2023 жылдың 24 қараша күні сағат 15.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде фотосуретші, саяхатшы НұртаевТаймас Қуанышұлының «Жер шары: бұл әлем қандай ғажап!» атты жеке фотокөрмесінің ашылу салтанаты өткізіледі.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде өтетін аталмыш көрме алматылықтарды әлемнің әсемділігін паш ететін Таймас Нұртаевтың әдемі де әсерлі фотосуреттерімен таныстырмақ.

Таймас Нұртаев Бішкек қаласында дүниеге келген, бірақ 60-жылдардың аяғынан бастап Алматы қаласының тұрғыны. Білімі бойынша құрылысшы, бірақ фотоөнерге деген үлкен сүйіспеншілік пен құмарлық екінші мамандыққа айналды. Оның алғашқы жұмыстары кеңестік «Зенит» камерасында жасалды, кейінірек ол кәсіби камералармен жұмыс істей бастады. Оның фотография өнеріне барар жолындағы шығармашылық өмірінің бастапқы нүктесі оның Хан Тәңірі тауының сілемдеріне баруы болды (2006), онда ол туған табиғатының ұлылығы мен сұлулығына таң қалды. Таймас Нұртаевтың тек Қазақстан бойынша ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетел саяхаттары оның тың туындыларының пайда болуына шабыт берді.

 Таймас Нұртаев жер шарының түкпір-түкпірінде болып ғана қоймай, осы ұмытылмас сапарлар мен саяхаттардың жарқын әсерлері оның шығармаларында көрініс тапты. Сонымен, суретші өзінің фотосуреттерінде Жердегі ең үлкен Сахара шөлін, Гренландияны – әлемдегі ең ерекше аралдардың бірі, тарихи Италияны, Исландияның «мұз елін» және т. б. Фотосурет қылып таспалады. Қытайға сапар барысында суретші Цзючжайгоу Ұлттық саябағының, Хуанлунг көгілдір көлдерінің көркем пейзаждарының ортасында ағып жатқан сары-жасыл Ли өзенінің және де «ұшатын» Аватар тауларының фотосуреттерін түсірді. 2017 жылы Шпицберген аралынан Солтүстік ендіктерге сапар нәтижесінде Таймас Нұртаев осы аралдың таңғажайып және ерекше табиғаты мен жануарлар әлемін фотоға түсірді: ол ақ аюларды, итбалықтарды, морждарды, киттерді түсіре алды. Фотосуреттерде Таймас Нұртаев Аргентина мен Бразилияның ең әдемі табиғатын, сондай-ақ Чилиді – планетаның ең Оңтүстік елін фото арқылы көрерменге жеткізді, онда ол Гаучо шабандоздарын, Торес-дель-Пайн Ұлттық паркін, Грей көлін және Пайн массивін түсіре алды. Кенияда автор Африканың бай фаунасын түсірген әлемге әйгілі Маасай Мара ұлттық қорығына барды. Таймас Нұртаев тікұшақпен Камчатканы айналып өтіп, камераға әйгілі Коряк, Авачинский, Козельский және т. б. жанартауларын түсіріп, Гималай (Непал) арқылы жаяу жүріп өтті, сондай-ақ дельтапланмен ұшып, Дхаулагири (8167 м), Аннапурна (8091 м), Дхаулагири (8167 м), Аннапурна (8091 м), фева көлі және т.б. фотосуреттерін сәтті таспалай алды.           

Көрменің ерекше бөлігін еліміздің көрікті жерлерінен жиналған «Қазақстан табиғатының маржандары» атты фотожұмыстары құрайды. Онда автор, туған өлкесі мен Іле Алатауының әсем жерлерін, Алматы мен Алматы облысы аумағын, Көлсай, Хан-Тәңірі, Шарын көлі мен Шарын шатқалы, «Алтынемел» Ұлттық қорығы, «Баянауыл» Ұлттық саябағы, Жасыбай, Марқакөл, Бурабай, Зайсан, Қара-Су, Қара-Көл, Қайыңды, Ұлкен Алматы өзені, Бұқтырма суқоймасы, Каспий теңізі, Киин-Керіш таулары, Ақ-Тау, Шакелмес, Айғайқұм, Маңғышлақ, Үстірт шатқалы, Шақпақ пай Сай шатқалы, Үшқоңыр жайлауы, Ақкергешін, Ақтолағай қырқасы және т.б. түсірген фотожұмыстарын ұсынады.   

Көрмеге 150-ден аса фотосуреттер ұсынылған.

Көрме 2023 жылдың 8 желтоқсан дейін жалғасады.