Ғажайыптарға сенетіндердің барлығын 2023 жылы 22–24 желтоқсан күндері ҚР Мемлекеттік орталық музейіне «Жаңа жылдық жәрмеңкеге» шақырамыз!

Көрме-жәрмеңкеге түрлі стилистикалық бағыттағы компаниялар мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменістан елдерінің қолөнер шеберлері қатысады.

Сіздердің назарларыңызға интерьер заттары мен жаңа жылдық кәдесыйлар, қолдан жасалған қуыршақтар және зергерлік бұйымдардың барлық түрлері, керамика мен киім, шарфтар, сөмкелер, қораптар, шырша ойыншықтары және т. б. ұсынылады!

Сыйлықтар талғаммен жасалған және қолжетімді.

Бізбен бірге мерекелік атмосфераға еніңіз!

Көрме-жәрмеңкеде шебер Несібелі Асылбек-Бахытжан шеберлік сабақтар көрсетеді.

Желтоқсанның 22-23 күндері, сағат 11-00 – 15-00 аралығында Шым ши тоқудан шеберлік сабағы.

Желтоқсанның 24 күні сағат, 11-00 – 15-00 аралығында Макраме бойынша шеберлік сабағы өтеді.

Жәрмеңке ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде өтеді.

Музейдің мекен-жайы: Алматы қ-сы, Самал-1 ықшам ауданы, 44 үй.

Жұмыс уақыты: 22–24 желтоқсан – 9-00-ден 18-00-ге дейін

 

Музейге кіру бағасы:

Ересек билет 500 теңге;

Студенттер мен зейнеткерлерге – 300 теңге;

Оқушыларға – 200 теңге

Тел/WhatsApp:

Бахыт Әбдікәрім: +7 702 321 54 66

Кунсулу Әбдікәрім: +7 778 316 41 65

Инстаграм: Artbakhyt