ҚР ТҰҢҒЫШ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ, АРМИЯ ГЕНЕРАЛЫ НҰРМАҒАМБЕТОВ САҒАДАТ ҚОЖАХМЕТҰЛЫНА АРНАЛҒАН «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАҺАРМАН» КӨРМЕСІ

Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі, Алматы қаласы;

Өтетін күні мен уақыты: 2024 жылғы 17 қаңтарда сағат 15:00

Байланыс телефоны: +7(7172) 44-26-19; +7(775)390-01-86

2024 жылғы 17 қаңтарда, сағат 15.00-де ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі бірлесіп, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына  100 жыл толуын мерекелеу аясында «Халық жүрегіндегі қаһарман» көшпелі көрмесін өткізеді.

Аталған шара Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрін ұлықтауға, оның ерен еңбегін үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге, сондай-ақ,  Қазақстан Қарулы Күштерінің имиджін арттыруға, музей ісін насихаттауға және одан әрі дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, аталған көрме 2024 жылы Қазақстанның 10-нан астам қалаларында ұйымдастырылады.

Көрмеде Сағадат Қожахметұлының жеке заттары, осы уақытқа дейін жарияланбаған фотосуреттері мен құжаттары және басқа да жәдігерлер қамтылған 100-ден астам экспонат көпшілік назарына ұсынылады.

Шараға Сағадат Қожахметұлымен қызметтес болған ардагерлер, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының тәрбиеленушілері және әскери қызметкерлер қатысады.