2024 жылғы 4, 5, 6, 7 наурызда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз-Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған (1904-1973) Алматы облысының жалпы білім беретін мектептерінің (Талғар, Есік, Қаскелен, Қонаев қалалары) оқушылары үшін интерактивті шығармашылық сабақтарын өткізіледі.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз – Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты көркемдік білім беру жобасы Мемлекеттік өнер музейінің көшпелі бағдарламалары аясында тиімді шығырмашылық тәжірибе және білім беру платформасы болып табылады.
«Мобильді музей. Мектептегі музей» тақырыбында музей мамандары суретшілермен және мұғалімдермен бірлесе отырып, Қазақстанның ұлттық өнерін насихаттауға, балаларды музей әлемімен және шығармашылықпен, мәдениет пен бейнелеу өнерімен таныстыруға өзіндік үлесін қосады.
Осы білім беру шығармашылық жобасының демеушілері «KMF» МҚҰ-ның компаниялар тобы және «KMF-Демеу» корпоративтік қоры болды, ол халықтың бизнесі мен кәсіпкерлікті бастап, жастардың дамуын қолдайтын әлеуметтік жобаларды, коммерциялық емес сипаттағы мәдени-білім беру жобаларын іске асыруда. Қор Алматы облысы мектептерінің оқушыларына арналған білім беру көшпелі бағдарламасын іске асырудағы музей бастамасын қолдап, сол арқылы еліміздің көркемдік мұрасын танымал етуге өз үлесін қосады. Жоба аясында, музей мамандары Алматы облысындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін интерактивті шығармашылық сабақтарын өткізеді. Оған Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын презентация-дәрісі; «Өнер білгірлері. Қастеев әлемі» атты викторина ойыны кіреді. Оқу үдерісінде балалар суретшінің Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің қорындағы табиғат сұлулығын, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін, Қазақстанның көрнекті тұлғалары бейнеленген туындыларымен танысады. Бағдарламаның бір бөлігі «Ә.Қастеев шығармалары негізіндегі көркем Қазақстан» акварель бояуы бойынша мастер-класс сабағы, 6-7 сынып оқушыларына кәсіби суретшілердің тәжірибесі мен шеберлігін үйрену, бірлесіп орындау арқылы шығармаларды салу техникасын меңгеруге мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның танымал суретшілері қатысуда:
- Нысанбаев Марлан Кеңесұлы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер одағы хатшылығы мен басқармасының мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері, Исатай Исабаев сыйлығының лауреаты, ҚР Өнер академиясы ҚҚ-ның вице-президенті, Лондон Еуразиялық шығармашылық гильдиясының елшісі.
- Мақсат Қырғызбайұлы Кантарбаев - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР СО Басқарма мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері, ҚР Өнер академиясының ҚҚ-ның корреспондент мүшесі, Лондон Еуразиялық шығармашылық гильдиясының мүшесі.
- Дроздова Лидия Дмитриевна – суретші-педагог, ҚР Суретшілер одағы басқармасының мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері, арт-блогер, «Яблоневая палитра» студиясының жетекшісі, Mondial Art Француз Академиясының елшісі, Лондондағы ЕТТ-ның сараптау комиссиясының мүшесі.
- Асқар Әбдібекұлы Бейшекеев – суретші-педагог, ҚР Ұлттық дизайн академиясының академигі.
Іс-шараның белсенді қатысушылары, «Өнер білгірлері» викторинасының жеңімпаздары «KMF-Демеу» корпоративтік қоры мен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі атынан Ә.Қастеевтің 120 жылдығына орай төс белгі, диплом және сертификаттармен марапатталады.
Жобаның кураторы - Кущенко Анна, Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ
«Маркетинг және жобалау қызметі» бөлімінің жетекшісі