Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2024 жылдың 1 наурызында сағат 11.00 де өтетін AUTISM ZHAN ALEMI қоғамдық қорының ерекше балаларды қолдау мақсатында «Алғыс күніне» арналған «МУЗЕЙ МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКПЕН» әлеуметтік қайырымдылық акциясының бастамашысы болып табылады.
Музей жетекші ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту мекемесі ретінде өскелең ұрпақты ұлттық тарихты, мәдениетті құрметтеу, адамгершілік пен мейірімділік рухында тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Республика музейлерін ЖАҚСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫНА қосылуға шақырады.
Елімізде 1 наурыз - Алғыс айту күні болып 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті бекіткен мереке. Бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні болып табылады.
Бұл акцияның басты мақсаты – ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, моральдық қолдау көрсету мен адами қарым-қатынасты тәрбиелеу және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беру үшін, оларға арнайы білім беру мен қолөнер, шығармашылық атмосферасын сыйлау.
Іс-шара бағдарламасында: «Ремон» шығармашылық студиясы, «Sanat», «by ArT – ДЦР Almaty tutoring» көркемсурет студияларының мектеп педагогтары мен суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің ұстаздары түрлі материалдардан (жүн, ағаш, қағаз, пластилин, аппликациядан) «Менің мейірімді жүрегім» атты кішкентай жүрекше пішіндес бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақтар өткізу жоспарлануда.
Акцияға Қазақстан халқы ассамблеясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттері мен педагогтары да қатысады. Олар балаларға кесте тігу, монументалды сурет салу, зергерлік өнер, ағаш оюды үйретеді; «RIVIA» тігін машиналары үйінің шеберлері көрпе тігу бойынша шеберлік сыныбын өткізеді; шебер, құрақшы Толғанай Сембаева көрпе жасау технологиясы туралы әңгімелейді.
«Музей мейірімді жүрекпен» атты акциясының серіктесі «Отбасы Хрестоматиясы» қоғамдық қоры балаларға кітаптар ұсынады және суретші-иллюстраторлар балаларға арналған суреттердің эскиздерін қалай жасайтыны туралы әңгімелейді (суретші Асылзат Ағзамханқызы шеберлік сыныбын өткізеді). Осы мереке күні, балаларға Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театрынан «Ұр, тоқпақ!» спектаклі қойылады. (авторы К.Бегманов, реж.Е. Қабдылов). Ол ұлттық дүниетаным мен адамгершілік құндылықтарды, игі істер мен адамдардың алғысын дәріптейді. «Ұр, тоқпақ» ескі қазақ халық ертегісі негізінде қойылған. Анимациялық фильмдерді жасау туралы режиссер, суретші, «Реанимация» шығармашылық бірлестігінің продюсері, «Almaty Animation Festival» арт – директоры, өнер магистрі және Т.Жүргенова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының оқытушысы Ардашов Иван баяндайды.
Іс-шараның барлық қатысушылары Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің дипломдарымен марапатталады. Жоба демеушілері — «БИСКВИТ үйі», ЖШС АҚСАЙ нан-тоқаш комбинаты, «QALAMSTORE» эксклюзивті, кеңсе тауарлары мен сыйлықтар дүкені және «CASPIAN BEVERAGE HOLDING» АҚ сусындар мен сыйлықтар ұсынады.