Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2024 жылдың 14-15 наурызында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» II Халықаралық ғылыми форумы өтеді.
Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.
Пленарлық мәжіліс отырысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет Комитетінің Музей қызметі және материалдық емес мәдени мұра басқарма басшысы Пазылова Гульзейнеп Анафияқызы; «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының түркітілдес қауымдастықтарымен байланыс бөлімінің меңгерушісі, ТҮРКСОЙ музейлер қауымдастығының бас үйлестірушісі, т.ғ.д.., Мовсюмлю Джавид Эльшад оглу; Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Эврен Мюдеррисоглу және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей директоры Р.Е. Харипова форум қатысушыларына құттықтау сөз сөйлейді.
Форум пленарлық мәжілісінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білімтану Институтының директоры А.М.Фазылжанова «Қазақ тілінің ұлттық қорпусындағы мәдени-семантикалық белгіленім: маңызы мен параметрлері»; Анкара университетінің тіл, тарих және география факультетінің профессоры Абдуллах Гондугду (Түркия) «Түркі халықтары мен түркиядағы наурыз мерекесі», И. Арабаев атындағы Қырғыз университетінің профессоры, т.ғ.д., С.К. Алымкулова (Қырғызстан) «Обычай укладывания в колыбель у кыргызов», Ресей этнографиялық музейінің Кавказ, Орта Азия және Қазақстан этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Л.Ф. Попова (Ресей) «Первая весенняя перекочевка как обряд новогоднего цикла кочевников центральной азии», Қазақстан Мемлекеттік орталық музейінің этнография бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор, Р. Шойбеков «Наурыз және дәстүрлі мерекелердің тәрбиелік мәні» атты негізгі баяндамаларды жасайды.
Форум аясында «ТӘРБИЕ БАСЫ – ТАЛ БЕСІК» этнографиялық көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрменің негізгі мақсаты – қазақ халқының сонау түркі заманынан күні бүгінге дейін келе жатқан мұрасын, ғасырлар бойы болашағын қалыптастырған тәлімдік жүйесі және ұлттық тәрбиесін дәріптеу және насихаттау. Көрмеде алғаш рет Орталық музей қоры негізінде балалар бесігі жинағы көрермен назарына ұсынылады.
Сондай-ақ Форум аясында екі күндік музейлік тәжірибе алмасу/ғылыми вебинарлар орын алады.
Форумға ғылыми мекеме қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар және өзге де қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылды.
Басталу уақыты: 10:00
Өткізу орны:Алматы, Самал – 1, 44 үй.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей