20 наурыз күні сағат 18:00-де Almaty Gallery-де Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтуге Қазақстан өнер шеберлері Оңғарбек Алхаров пен Ләйлә Жарқынның бірлескен «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» жобасы ашылады.
Бізді қоршаған өмір, бірінші кезекте адам, оның ойлары мен сезімдері адам санасындағы басты процестер секілді өнердің де мазмұнын құрайды. Сол секілді, Оңғарбек Алхаров пен Ләйлә Жарқын шығармаларында біз жүрекке қымбат және сүйікті қазақ халқының өмірін көреміз: Оңғарбек Алхаров фотосуреттерінде-адамдардың жүздері, туған өлкенің пейзаждары, сезімдері мен эмоциялары; Ләйлә Жарқынның киізден жасалған кілемдерінде – қазақтардың тарихы, ата-бабалардың мұрасы, жердің жады, тіпті иісі...
Көрмеге қойылған жұмыстарда аңшы құстар мен тазы тұқымды аңшы иттердің жарқын көріністері бар. Бүркітпен аң аулау – көшпелілердің ежелгі дәстүрі. Қазақтардың ата-бабалары Еуразия даласында бірнеше мың жыл бұрын, Андронов дәуірінде аңшылықпен айналысқан.
Сәндік қолданбалы өнер қазақ халқының өмірінде жетекші орын алады. Күнделікті өмірден сыр шертетін салт дәстүріміз. Суретші өмірдің бұл қырын да назардан тыс қалдырған емес. Оның үстіне, ол процестің өзін қасиетті рәсімге айналдырады.
«Ол өз Отанының қамқор перзенті бола отырып, ұлттық іргетасқа берік. Халықтың рухы мен өзіндік санасына сүйенеді. Автор кейіпкерлердің сыртқы келбетіне ерекше мән берген. Үлкен жұмыс тәжірибесі мен көркемдік шеберлігі оған ең тиімді қырларды табуға мүмкіндік береді. Оңғарбек Алхаровтың авторлық фотосуреттеріне көз жүгіртсек, көшпенділер әлемінің этникалық ерекшелігіне сүңгіп, ғасырлар тоғысына тасымалданғандай боламыз. Оның фотосуреттерінде қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жанданғандай. Фотолардан көп қырлы калейдоскопы сенімді және үйлесімді біртұтас әлемге синтезделеді»,- дейді көрме кураторы және өнертанушы Наталья Баженова.
Ләйлә Жарқын 12 жылдан астам киізбен айналысады. Ләйлә өзінің киіз шебері ретінде қалыптасуына көптеген факторлардың әсер еткенін айтады: біріншіден оның Алматы қаласындағы О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде алған білімі болса, екіншіден суретшінің бас мұғалімі - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Бапанованың әсері көп болды, себебі ол тәлімгеріне қазақ қолданбалы өнерінің киіз басу және киізден шығармалар жасаудың ежелден келе жатқан құпияларын ашты.
"Ләйлә Жарқын секілді қолөнершілердің арқасында бұл өнер түрі күнделікті өмірге қажетті қарапайым Қолөнер бұйымдары дәрежесінен көркем көріністің жарқын дәрежесіне дейін көтерілді. Одан бөлек жүннен (киіз) табиғи бұйымдар жасаудың бүгінде жаңа дәуірі басталғандай", – деп бөлісті Almaty Gallery директоры Наргиз Алиб.
«ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» көрмесі Almaty Gallery-де 2024 жылдың 4 сәуіріне дейін жалғасады.