Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2024 жылғы 22 сәуірде сағат 16.00-де суретші, КСРО және ҚазКСР Суретшілер Одағының ардагері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері - Қырғызбай Рысұлы Қаңтарбаевтың 100 жылдығына арналған "САҒЫНЫШ" көркем туындыларының көрмесін ашады.
К.Р. Қаңтарбаев Абай атындағы ҚазҰПИ бітірген. Ұстаздық қызметпен және қолданбалы өнер бұйымдарын жасаумен айналысқан. Ол, Қазақстанның ұлттық өнерінің дамуына зор үлес қосты. Оның туындылары Қазақстан мен Ресейдің танымал музейлерінің (РЭМ, Санкт-Петербург) коллекциясына енгізілген.
Көрме қазақтың ұлттық мәдениетін, тарихы мен дәстүрлерін паш етеді. Қырғызбай Қаңтарбаев қазақтың ұлы ақыны Абайдың, Жамбылдың, Ш. Уәлихановтың, Б.Момышұлының мүсіндерін және басқа да көрнекті тұлғалардың бейнелерін жасады.
Әр отбасының ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өзіндік салты мен дәстүрі бар. Өнер сабақтастығы Қаңтарбаевтар отбасында да шығармашылыққа деген сүйіспеншілік пен сұлулықты көру қабілеті әкеден балаларына, немерелеріне, Мақсат пен Нұрдана бауырларына беріліп жалғасын тапты. Мақсат Қаңтарбаев - пейзаж жанрының суретшісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі болса, Нұрдана – суретші-педагог, дизайнер және мата бояумен айналысады.
Көрмеге Қаңтарбаевтар отбасының сәндік-қолданбалы өнер заттары, музыкалық аспаптары, мүсіндері, кескіндемелері қойылады.
Қырғызбай Рысұлы Қаңтарбаевтің ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленді. Көрменің маңызды бөлігі шәкірттері мен ізбасарларына арналады, олардың шығармалары еліміздің ұлттық дәстүрлері мен тарихын бейнелейді.
Олар, Қазақстанның танымал суретшілері — Өмірбек Жұбаниязов, Ерлан Қожабаев, Жамиля Тәкен, Дастан Оразхан, Нұрлан Сатаев, Қайырбай Зәкіров, Оразбек Есенбаев, Жанұзақ Мүсапір, Тоққожа Қожағұлов, Қанағат Кодеков, Асқар Бейшекеев, Сергей Пожарский, Мирлан Құлдыбаев, Марлан Нысанбаев, Бейсебек Ақанаев, Нұрдана Қырғызбаева, Диана Мұхаммед, Болат Құсайынов, Диас Қантарбаев, Марат Тұрғынбай, Камил Мамукадзе, Нелли Бубе, Лидия Дроздова, Игорь Гущин, Жәнібек Сүйінбеков, Ирина Меламент, Григорий Головков, Жанат Сейітхамза, Мақсат Қаңтарбаев. Көрмеде суретшілердің өзіндік қолтаңбасы, ерекше стилі, орындау тәсілі, сезімдері және қоршаған әлемді қабылдауы сипатталады.
"Сағыныш" көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысатын суретшілер өздерінің авторлық өнер туындыларын музейге сыйға тарту етіп, ҚР Орталық музейінің қор коллекциясын толықтырады ("Кескіндеме қоры").
Көрмеге жалпы саны 80-нен астам жұмыстар қойылады.
Көрме 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.
Анықтама телефондары: 2644650, 2645577