2024 жылдың 26-27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Археология, этнология және музеология» кафедрасы және «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-музейі бірлесіп дәстүрлі «XVI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Абдулманап Медеуұлы Оразбаев – белгілі ғалым, археолог, педагог, отандық далалық археология зерттеулер әдістемесі мектебінің, сондай-ақ Қазақ Ұлттық Университетінің, «Археология, этнология және музеология» кафедрасының негізін қалаушы ұстаз А.М. Оразбаевтың ғылыми өмір жолы қола дәуіріндегі тайпалардың материалдық мәдениетінің тарихын және ерте көшпелілердің көне өркениетін ғылыми зерттеу жұмыстарына арналды.

Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясына (1954, 1960, 1961, 1964, 1965, 1967 жж.), Батыс Қазақстанда (1968 ж.) далалық зерттеулер жұмыстарына, академик Ә.Х. Марғұлан жетекшілік еткен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында болып, (1957, 1961, 1962, 1963, 1972, 1974 жж.), археологиялық зерттеулерге атсалысты. Сондай-ақ, А.М. Оразбаев 1958, 1985–1988 жылдары Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына, ал 1989-1990 жылдары Семей археологиялық экспедициясына жетекшілік еткен. А.М. Оразбаев Солтүстік Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ескерткіштерінің өзіндік мәдени тұстарын анықтап, кезеңделу шеңберін белгілеп берді және андрон мәдениетінің қалыптасуын үш кезеңге жіктеді: федоров, алакөл және замараев.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Еуразияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы;
  • Этникалық тарих пен этномәдени процесстердің жалпы және өзекті мәселелері;
  • Көрнекті археологтар туралы естеліктер мен ойлар;
  • Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың далалық материалдары;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және мұражайландыру әдістері;
  • Тарихи пәндердегі пәнаралық әдістер

Конференцияның жұмысы 3 тілде – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен археолог, этнограф, тарихшы ғалымдары, мәдениеттанушы, музей ісінің мамандары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады

Өтетін орны: Қазақстан Ремпубликасы Мемлекеттік Орталық музейі (кинозал)

Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 09.00

Конференция жұмысының басталуы: 10.00

Байланыс телефондары:

Бесетаев Бауыржан Берканович
моб. тел.: +7 702 791 36 31
е-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Торежанова Набира Жанзаковна
моб. тел.: +7 701 319 55 04