DAMIANI зергерлік үйі өзінің бай тарихымен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде фотокөрме арқылы таныстырады.
Іс-шара музей қонақтары үшін зергерлік бұйымдарда бейнеленген қолөнер, шығармашылық және бірегей ғасырды сезінуге тамаша мүмкіндік береді.
Мұнда келушілер ұрпақтан-ұрпаққа берілген білім туралы да ақпарат біле алады: қазіргі таңда DAMIANI зергерлік үйін үшінші ұрпақ өкілдері басқарады, ал төртіншісі ата кәсіпті жалғастырған маман болып өсіп келеді.
Фотокөрме 3 мамыр мен 3 маусым аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өтеді.
Көрме DAMIANI брендінің негізі қаланғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы мен дамуын көрсететін бірегей фотосуреттерді ұсынады. Келушілер бүкіл әлемдегі адамдарды шабыттандыратын және қуантатын шеберлік пен мәдени мұраны бағалай алады.
«Итальяндық мұра, шеберлік пен құштарлыққа 100 жыл» атты фотокөрмесі өнерге қызығушылық танытатын және қолөнер мен зергерлік шеберлікті сақтай отырып, өз брендін құруға ұмтылатындардың назарын аударып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы ретінде үлкен қызығушылық тудырады деп сенеміз.
Көрмеде келушілер DAMIANI ғажайып әлеміне еніп, оның бай бай тарихымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Біз барлық БАҚ өкілдерін «Италяндық мұра, шеберлік пен құштарлыққа 100 жыл» атты фотокөрменің ашылу салтанатына қатысуға және осы бірегей оқиға туралы өз оқырмандарыңызбен бөлісуге шақырамыз
DAMIANI туралы
DAMIANI – бірегей дизайнымен және ең жоғары шеберлігімен танымал ғасырдан астам тарихы бар итальяндық зергерлік бренд. 1924 жылы Валенцада негізі қаланған DAMIANI бүкіл әлемнің назарын өзінің көздің жауын алатын бұйымдарына аударып, Made in Italy маркасының символына айналды. Бүгінгі таңда компанияны үшінші буын ұрпағы басқарады, ал төртіншісі ата кәсіпті жалғастырған маман болып өсіп келеді. Голливуд жұлдызы, өзінің тамаша актерлік шеберлігімен және стилімен танылған Джессика Честейн жүзжылдық мерейтойдың елшісі болып табылады. Сондай-ақ, Жанна Канның қолдауымен DAMIANI қазақстандық нарықта жиырма жылдан астам уақыттан бері табысты еңбек етіп келе жатқанын атап өткен жөн.
Алихан Мұсатаев
DAMIANI зергерлік үйініңмаркетинг жөніндегі директоры
Көрме кураторы – Ақбота Алимхожина