2024 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіндегі "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар" 3-ші залында Ұлы Отан соғысының ардагері-майор, 1-ші атқыштар дивизиясының байланыс офицері, 408-ші атқыштар батальоны командирінің орынбасары, 1-ші офицерлер батальонының тактика бойынша оқытушысы Қабдышев Жиян-Керейге арналған «Өз Отанының патриоты» атты көрме-дәріс өтеді.
Ұлы Отан соғысында қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсете білген ержүрек сарбаз Қабдышев Ж. 2-ші Беларусь майданында соғысып, Нарев өзенінің жағасынан батысқа қарай, Варшаваның солтүстігіндегі ұрыста шайқасты. Ол Польша мен Германияның 24 ірі қалаларын, соның ішінде Бытув (Бютов), Косьержин (Берент), Гданьскті (Данциг), Шығыс және Батыс Одер өзендерінен өтіп, Ордердің Батыс жағалауындағы нығайтылған неміс қорғанысын бұзып немістердің ірі порттары мен маңызды әскери-теңіз базаларын фашистерден азат етуге және нацистік басқыншылық шабуылды тоқтатуға белсенді қатысты.
Ел мен жерге деген орасан зор сүйіспеншілігі мен қажыр-қайратын мінсіз дәлелдеген Жиян-Керей «Орден Отечественной войны 1 степени», "Александр Невский", ордендерімен, «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.» медалімен және Батыс Нарев өзенінің жағасында, Варшаваның солтүстігінде фашистердің қорғанысын талқандауға қатысқаны және Польша мен Германия қалаларын азат еткені үшін көптеген марапаттарға ие болды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Қабдышев Жиян-Керей әдеби қызметпен айналысты. 16 – дан астам шығарма, бір актілі пьесалар мен брошюралар шығарды, газеттер мен журналдарда мәдени-ағарту мекемелерінің қызметі, кино, өнер туралы жүзден астам мақалалар жазды, ол еңбек майданында да өз қызметіне және қоғамдық тапсырмаларға зор жауапкершілікпен қарағаны үшін Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.
Көрмеге келушілерге Ұлы Отан соғысының ардагері майор Қабдышев Жиян-Керейдің Ұлы жеңіс тарихының айнасына айналған фотоқұжаттары мен наградалары ұсынылады.
Мақсаты: 1941-1945 жылдары қан майданда ерлік пен қаһармандық көрсеткен, ел мен жердің бостандығы үшін жан аямай қан майданда шайқасқан Ұлы Отан соғысының ардагері Ж. Қабдышевтің жауынгерлік жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету және жастардың патриотизмдік санасын қалыптастыру.