Көрменің ашылу салтанаты: ағымдағы жылғы 10 мамыр, сағат 18:30-да.

Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 53, БЦ «Abylai Khan Plaza», 3 қабат, байланыс телефоны +7 705 778 75 14.

Өтетін мерзімі: 2024 жылғы 10 мамыр-10 маусым аралығы.

Көрмені сенбі-жексенбіден басқа күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін тамашалай аласыздар.

Көрме Суретші Кармине Барбароның Қазақстан елінде тұрғанына 30 жыл толуына және оның Қазақстан-Италия мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуда қосқан қомақты үлесіне орай ұйымдастырылды.

Сондай-ақ бұл көрме Алматы қаласындағы Италияның мәдениет институты жанындағы жаңа арт аумағының ашылуымен тұспа-тұс келді.

Ұйымдастырушы: Алматы қаласындағы Италияның мәдениет институты.

Куратор: Шарбат Барбаро, email: shara.barbaro.73 @mail.ru, байланыс тел. +7 777 243 11 30.

Көрменің демеушілері: Eduardo Crisafulli, Ph.D, «Italiarte Projects» тобы және Маурицио Сбараини мен Әсел Абаева, BETA TEA.


Кармин Барбаро 1994 жылы кәсіпкер ретінде Италия-Қазақстан елдері арасында металлургия саласында коммерциялық ынтымақтастық құру мақсатында Қазақстанға алғаш рет келеді. Қазақ даласының сұлу табиғатына,   тамыры терең тарихына ғашық болғаны соншалық, осында тұруды қалайды.

1996 жылы коммерциялық жоба сәтті аяқталғаннан кейін Италияға оралған болашақ суретші, араға алты ай салып қайта Қазақстанға біржола көшіп келуге шешім қабылдады.

Шын мәнінде, бұл оның өмірінің мәдени миссиясының бастамасы еді.

Бұл миссия оған мақсатты жоба ғана емес, суретші ретінде өзін-өзі тану, жергілікті мәдени дәстүрлерді білу арқылы толысу процесі болды.

Сонымен қатар, итальяндық отандастарымен бірге ол итальян тілін және өз мәдениетінің бір бөлігін суретшілер, студенттер мен достарының ортасына әкелді.

Кармине 1996 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейінгі алғашқы үш жылын кескіндеме өнеріне арнады.

Суретшінің қонағы үзілмейтін үйі мен Тузовадағы шеберханасында қаншама суретшілер мен танымал адамдармен шығармашылық кездесулер өтетін. Үйдегі итальян әуені, мұрын жаратын итальяндық тағамдар ерекше атмосфераға бөлейтін. Сондай кештерде бірлескен өнер жобалары мен шығармашылық идеялар дүниеге келетін.

Карминені суретші, тіл маманы және ерекше, жарқын тұлға, жай ғана іздемпаз жан ретінде Ұлы Жібек жолын жаңғыртып суреттеуші десек болады.

Тек бұл жолы жібек пен асыл тастар, қымбат жүктері бар керуен емес, мәдени тәжірибемен алмасу және тіл меңгеру керуені іспеттес.

«Бұл бір түрлі естілсе де, бірақ Қазақстанда мен бала кезімнен тәрбиеленген негіздердің патриархалдылығын қайтадан таптым - бұл отбасымен, тұратын жеріңмен және жаныңдағы адамдармен, биологиялық сағат ретінде адамның санасы мен биологиясына енгізілген қонақжайлылықтың терең дәстүрлерімен берік байланыс. Онсыз барлық сыртқы жетістіктер мағынасын жоғалтады.

Шын мәнінде, бұл көрмеде ұсынылған менің жұмысымның негізгі идеясы – күнделікті жайбірақат өмір, қарапайым әдемілік пен өміріміздегі қолжетімді қуанышты сәттер. Менің жұмыстарым махаббат, дәстүр, шынайылық, табиғаттың ғажап сұлулығы туралы» - деп, суретші сыр шертеді.

2003 жылы Маңғыстаудағы Қазақстан суретшілерінің симпозиумы Карминенің өміріндегі ең маңызды және жарқын арт жоба болды.

«Бұл Маңғыстаудың бірегей ландшафты аясында шығармашылық және достық энергияның шарықтау шегі!»- дейді суретші.

«Бұл жоба уақыт өте келе Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі ұйымдастырған «Италия және X-XVll ғғ. Көшпелі халықтар» жобасы аясындағы зерттеу қызметімен өте тығыз байланыста болды.

Тарихи зерттеуді Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының делегация құрамымен бірге 2013-2014 жылдары Рим қаласындағы Ватикан мұрағатындағы зерттеу жобасымен тығыз байланысты десем қателеспеймін» - дейді Кармин.

Кармине өзінің тәжірибесін тарихи ғана емес, сонымен қатар суретші ретінде визуалды зерттеулермен байыта отырып: «Мен Венециандық Марко Поломен және үлкен Поло әкесі мен ағасымен Жібек жолы арқылы Орталық Азияны аралап, тұрмыстық салт-дәстүр, діни ғұрыптар, XIII ғасырдағы мемлекеттің құрылуы және көшпенділер халқы туралы баға жетпес саяхат жазбалармен тарихи байланыстарымды көремін. Тек менің жазбаларымда басқа визуалды инкарнация бар кенептегі жазбалар. Мен де Марко Поло сияқты Армения Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркияда өз жолымды жүріп өтіп, өз отауымды Қазақстанда таптым. Мен мүмкін отырықшы Марко Поломын».

«Биыл әлем бойынша Марко Полоның (1324 ж.) қайтыс болғанына 700 жыл толуын атап өтуде және бұл Италия-Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайту саласында айтулы күн болмақ. Яғни, менің шығармашылық миссиям жалғасады!» - дейді Кармине.

«Сондай-ақ мені келесі тарихи деректер де қызықтырады – даңықты саяхатшы Марко Поло өзінің «Әлемнің әралуандығы туралы кітабын»      1298 жылы Генуэз түрмесінде жазды, онда ол бір жыл отырған. Ал мен Генуэз Өнер академиясында білім алғам (1980) және Генуэз суретшілер қауымдастығының мүшесімін» - деп Кармине өз ойларымен бөліседі.

Суретші Кармин Барбароның өмірінің кәсіби жолының бірі итальян тілін оқыту. Ол итальян тілін үйретуді драматургия және опера сияқты өнер салаларымен байланыстырады.

Оның ең қызықты жобаларының бірі Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенттерімен итальян тілінде қойған «Пиноккио», № 199 мамандандырылған мектеп гимназиясының оқушыларымен Дантенің «Божественная Комедия»  қойылымдары.

Ол сондай-ақ Қазақ ұлттық консерваториясының (2017 ж.) және     П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің (2021-2022 жж) вокал бөлімінде итальян тілінен сабақ берді.

Қазіргі уақытта Кармине Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының Италья операсының солистеріне итальян тілін үйретеді.

«Бүгінде өмірдің барлық бағыты динамикалық дамуда, бірақ адамзат үшін адами құндылықтар берік негіз болуы керек, олардың бірі - мәдениет. Менің ғұмырымның мәні - осы құндылықты арттыру» (Кармин Барбаро).

2013 жылы Кармин Барбаро Италия мен Қазақстан арасындағы мәдениетті, достық қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Италия Республикасының Жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды және «Италия Жұлдызы» Орденінің Құрметті Кавалері болып табылады.

«Шын мәнінде мен Қазақстанның отыз жыл бойы қарқынды дамуының, оның әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерінің, әлемдік қоғамдастықтағы әлеуеті мен маңыздылығының өсуінің куәгерлерінің бірімін. Алайда дәл осы елде мен үшін жаныма өте жақын дәстүрлердің патриархалдық және терең этникалық құндылығы сақталған» - дейді Кармина Барбаро.

Кармине Барбаро 1999 жылдан бері 13 жыл бойы «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттеріне итальян тілінен дәріс оқыған. 2013-2017 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр бөлімінде итальян тілінен сабақ берген. Қазақ ұлттық консерваториясы (2017ж) мен П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің (2021-2022 жж) вокал бөлімінде сабақ берген.

Кармене қазіргі уақытта Мемлекеттік Опера театрының солистеріне итальян тілін үйретеді. Сондай-ақ № 199 мамандандырылған мектеп-гимназиясында сабақ береді.

Италияның Алматыдағы білім беру орталығының негізін қалаушы және Алматыдағы «Данте Алигьери» комитетінің төрағасы (Италия Сыртқы істер министрлігінің итальян тілі мен мәдениетін тарату мақсатында мәдени ұйымы) болып табылады.

Генуэз суретшілер бірлестігінің мүшесі және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

Көптеген көркемсурет көрмелері мен жобаларына қатысушысы.

Өнер академиясы делегациясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің тапсырмасы бойынша Италияда «Италия және X - XVll ғғ.көшпелі халықтар» тақырыбында тарихи зерттеуді жүзеге асыру үшін 2013- 2014 жылдары Рим қаласындағы Ватиканда зерттеулер жүргізді.

«Марко Полоның Жібек жолы» ғылыми-көпшілік фильмінде Рустичелло Пизанскийдің рөлін сомдаған, 2016 ж.

Минько Юлия
Visual Communication, MA
Birmingham City University