2024 жылдың 16 мамыры күні, сағат 15:00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Дәстүр көрінісі: Қазақстанның этникалық симфониясы» көрмесін ашады. Біз сіздерді халқымыздың бай және көпқырлы мәдениетін танытатын таңғажайып өнер әлеміне саяхаттауға шақырамыз.
«Дәстүр көрінісі: Қазақстанның этникалық симфониясы» көрмесі біздің ұлттық игілігіміз бен байлығымыздың маңызды бөлігін бейнелейді. Сонымен қатар, бұл көрме тарихқа және мәдени алуан түрлілікке толы бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің сиқырлы әлеміне сүңгуге мүмкіндік береді.
Көрмедегі әрбір экспонат - жай ғана өнер туындысы емес, ұлт даналығының, сенімі мен дәстүрінің жарқын бейнесі. Жас та талантты суретшілер бір жағынан, Қазақстан халықтарының рухын өз жұмыстарында жаңғыртса, екінші жағынан, этникалық мәдениеттің қазіргі заманға сай көзқарасын бейнелей отырып, заманауи дәуірге көркемдік көрінісі арқылы тасымалдайды.
Көрменің мақсаты – көрерменге Қазақстанның мәдени мұрасын және бай тарихын өнер туындылары арқылы таныстыру.
Көрмеде елімізде ғана емес, әлемге белгілі қазақстандық суретшілердің жұмыстары ұсынылған, олардың арасында: Нағима Ибрашева, Лайла Жарқын, Әсем Сүлейменова, Динара Закарадзе, Алтынай Байжанова сынды танымал қылқалам шеберлері бар.
Бұл экспозицияда көпшілік назарына осы көрмеге арнайы дайындалған суретшілердің 100-ге жуық жұмыстары ұсынылады.
Көрме 2024 ж. 31 мамырына дейін жалғасады.