Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Шара қатысушыларын мерекемен құттықтаған Президент мәдениет пен өнерді дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі саналатынын жеткізді. Сонымен қатар ұлт руханиятын жаңғырту ісіне қатысты нақты шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді.
Салтанатты жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе берілетінін атап өтті.
Олардың қатарында отандық музей ісінің негізін қалаған, екі ғасырға жуық тарихы бар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі де бар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі еліміздегі тарихы терең және ірі музейлердің бірі. Оның қор коллекцияларының жинақталу тарихы ХІХ ғасырдың 30-жылдары «Орынбор өлкесінің музеумінен» бастау алады. 1921 жылғы ҚАКСР басшылық қаулысымен Орталық Қазақ өлкетану музейі құрылып, оған Орынбор өлкесі музейіндегі коллекциялардың бір бөлігі берілген. Музей 1929 жылы Қазақ Автономиялық республикасының жаңа астанасы – Алматыға көшіп келіп, Возненсенский кафедаралды шіркеуінің ғимаратына орналасты. Биыл музейдің Алматыға қоныс аударғанына 95 жыл толады. 1944 жылы Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік музейі деп аталды. Музейдің қазіргі ораналқан ғимараты 1985 жылы архитектор Ю.Ратушный, З.Мустафин және Б.Рзагалиевтың арнайы жобасы бойынша салынып, бүгінгі күні Алматы қаласындағы көрікті архитектуралық ғимараттардың бірі саналады.
Музейде танымал тарихи тұлғалар (тарихшы, этнограф, музейтанушы, жазушы, лингвист тіл мамандары, қоғамдық және саяси тұлғала және т.б.) – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлкей Марғұлан, Әбілхан Қастеев, Әбусағит Жиренчин, Александр Бернштам, Юрий Домбровский, Владимир Даль, Николай Гаврилович Хлудов және т.б. жұмыс істеген.
Бүгінде музей қорында ежелгі дәуірлерден бастап тәуелсіз мемлекеттімізге дейінгі тарихынан сыр шертетін 270 мыңнан астам материалдық және рухани мәдениет құндылықтары жинақталып, алты экспозициялық залдар мен көрме галлериясы арқылы көрермендерге насихатталуда.
2006 жылдан бастап музей ғылыми-зерттеу мекемесі статусын иеленген. Ғылыми және қор сақтау бөлімінің қызметкерлері музей қорындағы материалдарды зерттеу және дәріптеуге бағытталған істерді атқарады. Бүгінде археология, антропология және этнология, тарих, музейлік деректану және қолжазбаларды зерттеу бөлімдері жұмыс істейді. Олар музей қорының материалдары мен өзге де отандық және шетелдік музейлердің, мұрағаттардың дереккөздері негізінде түрлі ғылыми жобаларды жүзеге асырып келеді.