2024 жылдың 7, 8 және 9-шы маусым күндері Алматыда Bank RBK Classic Music классикалық музыка концерттер топтамасының премьерасы өтеді. Кең ауқымды, мән-мазмұны мен қатысушылар құрамы жағынан бұрын-соңды болмаған мәдени шараны Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залы қабылдайды.
Халықаралық музыка фестивалі форматында өтетін мәдени шараның ерекшелігі, концерттерге келем деушілерге билеттер тегін таратылады.
Алматыдағы айтулы шараның бастамашысы және демеушісі Bank RBK.
"Жоғары деңгейдегі музыкалық фестивальді қолдағанымызға шын жүректен қуаныштымыз", – дейді Bank RBK Басқарма төрағасы Наталья Акентьева. - Біз үшін бұл өнерді бағалайтындарға музыкаға ғашық, әрі танымал музыканттардың орындауындағы ең үздік шығармаларды сыйлайтын тағы бір мүмкіндік. Фестивальді тамашалауға келген қонақтар әдемі әуенің үнімен жақсылық пен бірліктің аурасына енетініне сенімдімін. Bank RBK Classic Music-тің барлық қатысушыларына жоғары деңгейде өнер көрсетулерін, риза боп қайтатын тыңдарман мен сарқылмас шығармашылық шабыт тілеймін".
Фестивальдің мазмұнды бағдарламасында сан алуан жанрлар, түрлі кезеңдердегі стильдер, премьералар мен көркемдік идеялар тоғысады. Қазақстанның үздік орындаушылары Оңтүстік Америка мен Еуропаның көрнекті музыканттарымен бір сахнаны бөліспек.
Концерттік бағдарламаның маңызды бөлігі фестивальге қатысушылардың қазақ музыкасын күтпеген нұсқалар мен өңдеулеріндегі орындауы болмақ. Мәселен, фестиваль аясында алғаш рет Абай музыкасын Хорватиядан келген оркестр орындайды.
Атақты қазақстандық сазгер Қуат Шілдебаевтың музыкасы өзінің академиялық сегментінде және күтпеген интерпретациясында концерттердің бірінің сөзсіз безендірілуі болмақ.
RBK Classical Music сияқты фестиваль музыканттардың жас буыны үшін ерекше мүмкіндік болып табылады.
Осыған байланысты, алдағы RBK Classical Music концерттерінің палитрасында жас және дарынды қазақстандық авторлар Шырын Базарқұлова мен Әділжан Толықпаевтың жарқын музыкалық дарыны фестиваль көрермендеріне ұсынылған музыкадан көрініс табады.
RBK Classical Music концерттерінде қазақстандық тарап үрмелі оркестрмен, камералық ансамбльдермен және тамаша солистермен таныстырылады. RBK Classical Music фестиваль оркестрінің құрамында Ақтау симфониялық оркестрінің, Астана Опера оркестрінің, Алматы оркестрлер мен музыкалық ұжымдарының үздік музыканттары қатысады. Қазақстандық музыканттардың, орындаушылардың және солистердің жалпы саны 30-дан астам.
Әлемге танымал скрипкашы және дирижер - Арман Мұрзағалиев фестивальдің артистік директоры. Музыкант өз заманының ең үздік орындаушыларының бірі болып саналады. Оның қатысуымен Қазақстанда музыкалық мәдениетті дамытуға ықпал ететін, кәсібилік пен креативтіліктің жоғары деңгейімен ерекшеленетін, сондай-ақ әртүрлі елдердің орындаушылары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған фестивальдар өтті. Өнер иесінің қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстанда алғаш рет Арво Пярт, Петерис Васкс, Гия Канчели, Альфред Шнитке, Валентин Сильвестров и Владимир Мартынов сынды композиторлардың туындылары шырқалды.
Арман кәсіби қазақ театр өнерінің негізін қалаушы және Қазақ КСР-нің тұңғыш Халық әртісі Жұмат Шаниннің тікелей ұрпағы. Оның скрипкашы және дирижер ретіндегі және жан-жақты таланты Қазақстанның орындаушылық өнерін өзге елдерде де жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Арман Мұрзағалиевтің Қазақстанның музыка мәдениетін дамытуға қосқан үлесі орасан зор. Ол тыңдарманның музыкалық көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, жас музыканттарды жаңа шығармашылық жетістіктерге ұмтылуға шабыттандырады.
Арман Мырзағалиев, жобаның көркемдік директоры:
"Алматы, халқы әрдайым жақсылыққа құштар мәдениетің орталығы боп қала береді. Мұнда естен кетпес оқиғалар жиі боп тұрады. Алдағы Bank RBK Classic Music - бұл өнердің биік шыңын бағындыруға деген ұмтылысты орнататын фестиваль."
Хорватияның Splitski Virtuozi камералық оркестрі алғаш рет Алматыда өтетін Bank RBK Classical Music фестивалінің қонағы ретінде қатысады. Оркестрдің жетекшісі және дирижері маэстро Владимир Косьяненко жастық пен шығармашылық тәжірибенің бірегей үйлесімін жасай алды. Айта кету керек, Splitski Virtuozi - бұл өз отанында да, одан тыс жерлерде де үлкен сұранысқа ие жарқын ұжым. Концерттердің бірінің бағдарламасында бұрын Қазақстанда орындалмаған Хорват классик-композиторларының шығармалары ұсынылатын болады.
Фестивальдің тағы бір қадірлі мейманы - еуропалық үздік театрларда Россини мен Моцарттың операларынан бірқатар партияларды орындаумен танылған, Италияның жас және танымал опера таланттарының бірі Марта Плюда (меццо сопрано). Сондай-ақ, Алматыдағы фестиваль көрермендері әншінің орындауында Никола Порпораның мотеті мен Джузеппе Бонончинидің екі ариясын тыңдау мүмкіндігіне ие болады.
Фестиваль аясында қазіргі заманның ең үздік солистерінің бірі, Артверпендегі (Бельгия) Корольдік музыка Академиясының бас профессоры, неміс виолончельші Юстус Гримм өз шығармашылығын паш етеді. Концерттерін белсенді түрде беретін музыкант, виолончельші Жерар Куссэ, Филипп Граффан, Эль Баха және Огустин Дюмамен ынтымақтастық орнатқан. Юстус Гримм 2023 жылы Арман Мұрзағалиевпен бірлесіп дирижер ретінде Фридрих Гульда концертінің Қазақстандағы (Астана) тұсаукесерін өткізді.
30-дан астам дискінің жазбалары бар теңдесі жоқ флейта виртуозы Тоон Фрет Льеждегі (Бельгия) консерваторияның профессоры, Oxalys және Het Collectief ансамбльдерінің мүшесі. Тоон Фрет-Маастрихт, Париж және Базель музыкалық институттарындағы ең маңызды шығармашылық тұлға.
Шебер виртуоз, бірегей фортепиано репертуарының орындаушысы, Edison Klassik Award иегері, Амстердам мен Дюссельдорфтағы консерваториялардың профессоры, пианист Ханна Шибаева (Нидерланды) Bank RBK classic Music концерттері аясында Қазақстанда алғаш рет көрнекті музыкант Кит Джарреттің Кельн концертін орындайды.
Алматыдағы Bank RBK Classic Music концерттер топтамасы аясында алғаш рет сирек кездесетін аспап – теорбо көрермен назарына ұсынылады. Оның орындаушысы музыкант және Еуропадағы көптеген ансамбльдер мен институттардың, соның ішінде Teatro Carlo Felice (Genova) және Theater Basel, барокко музыкасын орындауға машықтанған Элиас Конрад (Швейцария).
Венесуэлалық керемет виртуоз-скрипкашы, этно-джаздан академиялық стандарттарға дейінгі түрлі бағыттағы репертуарды орындайтын Алексис Карденас есімі алматылықтарға белгілі. Скрипкашы Алматыға Recoveco ансамблімен 2017 жылы келген. Radio France оркестрінің концертмейстері, концерттік солисті, Recoveco және Tangaria Quartet ансамблінің мүшесі, Густаво Дудамель, Аллондра дела Парра, Ришар Галлиано, Яманду Кошта, Робби Лакатош, Габриэлла Монтеро, Амильтон Оланда, Артуро Маркес сынды заманауи орындаушылармен ынтымақтастық орната білді. Алексис Карденас өзінің отаны Венесуэла мен Оңтүстік Америка композиторларының музыкасын бар ықыласымен насихаттаушы, өңдеуші және орындаушы ретінде танымал.
Марио Каподикаса - бразилиялық гитарист, Марта Аргерих, Саймон Рэттл, Густаво Дудамель, Нельсон Фариямен жұмыс істеген және өнерлі отбасының өкілі. Харизмасы ерекше, дарынды музыкант фестивальдің ең жас қатысушыларының бірі.
Фестиваль барысында талантты концерттік солистердің, консерватория профессорларының және бірінші дәрежелі оркестр концертмейстерлерінің бейінді мектептер мен мекемелердің білім алушыларына ашық шеберлік сабақтары өтеді.
Bank RBK Classic Music ұйымдастырушылары қалың көрерменге бірегей мәдени және музыкалық дүние жасауды көздейді. Жоба қоғамның рухани өмірін дамытуда өнердің маңызды екенін айқындайды.
Концерттер мен шеберлік сабақтарына кіру тегін.
Жоба ұйымдастырушысы - ACM.Arts