2024 жылғы 9 шілдеде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Бақтыбек Талқанбаевтың «Жаңа дәуір» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы болады. Көрмеде суретшінің 80-нен астам көркем туындылары ұсынылған.
Бақтыбек Талқанбаев 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласында дүниеге келді. Бүгінде Астана тұрғыны, оған дейін Шымкент қаласында тұрып, еңбек етіп келген. Ол 1968 жылы сол кезде Гоголь атындағы (қазір О.Таңсықбаев атымен аталатын) Алматы көркемсурет училищесін 1974 жылы, Мәскеудегі дүниежүзілік архитектура институтын 1981 жылы, КСРО Суретшілер Одағы жанындағы Розенблюмнің орталық оқу-тәжірибелік дизайн студиясы бітірді. 1981 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, қазір Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. 1978 жылы «Көркемдік еркін ойлау арқылы рухани тұлғаны қалыптастыру» авторлық әдістемесін жасады. Бақтыбек Талқанбаев ЮНЕСКО халықаралық стандарттары бойынша ғылым және өнер докторы, ҚР Мәдениет қайраткері, бейнелеу өнерін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін әлемдегі 34-ші LEONARDO DA VINCI медалінің иегері, Арт-терапия профессоры, энерго-терапевт, емші, ҚР суретшілер одағының мүшесі, ақын.
Бақтыбек Талқанбаевтың кескіндемелік кенептері – бұл жай ғана сәндік композициялар емес. Бұл белгілер – адам санасындағы оның психикасы мен эмоциясын, оның өзіндік ішкі «Мен» деген сезімін, Жоғары сананың энергетикалық күшімен байланыстыратын символдар, суретші бұл белгілердің шығармашылық процесте де, қарапайым өмірлік құбылыстарда да Жаратушыдан келгенін сезінеді.
Экспозиция шілде айының 30-на дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі: Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің маманы
Бекбаулиева Гүлденай