Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Корей Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен және Корей халық өнері мектебімен бірлесіп 2024 жылғы 6-қыркүйекте, сағат 15.00-де корей халық кескіндемесі – корей натюрмортының «ЧЭККОРИ» көрмесін ашады.
Қазақстан мен Корей Республикасының дипломатиялық қатынастары орнатылған сәттен бастап (1992 ж.) 30 жыл бойы саясат, экономика, мәдениет және т.б. салалардағы ынтымақтастықты қарқынды дамытуда. «Корей толқыны» деп аталатын музыка, кино және т.б. өнер түрлерінің танымалдылығының арқасында қазақстандықтардың Корей еліне деген қызығушылығы күн сайын артып келеді.
«Чэккори» көрмесі – корей елінің дәстүрлі «Минхва» өнерімен және оның бірегей стилімен танысуға мүмкіндік береді.
«Чеккори» - Кореядағы кітап тақырыбы бар натюрморттың атауы. Әлемде бұл өнердің көптеген үлгілері бар, бірақ Корея Чосон әулеті дәуірінде бұл бағыттың басым болуымен бірегей. Кітап Чосон әулеті кезінде (1392-1910 жж.) үлкен құндылыққа ие болып, зиялылықтың көрсеткішіне айналды. Чосон әулеті дәуірінде кітаптарды сүйіп оқуды ұнататындар көп болды. Бұл шығармашылықтың дамуына септігін тигізді.
«Минхва» - корейлік эстетика мен сезім жақсы сезілетін, ең байырғы корей тамыры бар кескіндеме; бақытқа бағытталған, қараңғы реңктерсіз, жарқын және көңілді, тек оң энергия беретін кескіндеме.
«Минхва» өнері соңғы кездері әлемде танымал болып келеді. Қазіргі уақытта бұл өнер түрінің 200 мыңнан астам ізбасарлары бар.
«Чэккори» көрмесінің азиялық туры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінен басталады. 40 заманауи өнер суретшілері «Минхва» кітаптарды түрлі қиял әлемдерін көрсету үшін пән ретінде пайдаланды. Олардың Чосон әулетінің «Чэккори» дәстүрлерін заманауи түрде қайта ойластыруды бейнелейтін туындылары алғаш рет Алматы жұртшылығына ұсынылады. «Чэккори» көрмесінде көрермендер корей халқының тарихы мен мәдениетінің байлығына толы өнер әлемін тамашалай алады.
Көрме Корея туралы түсіністікті кеңейту алаңына айналып қана қоймай, Қазақстанда мәдени алмасу мен елдер арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтады.
Көрме 2024 ж. 13 қыркүйегіне дейін жалғасады.