2024 ж. 13 қыркүйек,  сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «МАЖАРСТАН ИСЛАМДЫҚ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ  МҰРАСЫ» фотокөрмесін ашады.

Фотокөрме келушілерді Мажарстанның 5 қаласында орналасқан Пеш, Сигетвар, Эгер, Шиклош қалалары мен Будапешттегі Мажарстанның аса маңызды исламдық сәулет өнері ескерткіштерімен – мешіттермен, мұнаралармен, түрбе-қабірханалармен және моншалармен таныстырады. Бұл ескерткіштер венгр тарихының 150 жылдық османдық кезеңін бейнелейді.

1526 жылы Сүлеймен патша мажар әскерін жеңіп және 1541 жылы Порттың кезекті жорығы кезінде Мажарстан Корольдігінің астанасы – Буданы басып алғаннан кейін Мажарстанның көп бөлігі Осман империясының құрамына енді. Осман билігі Мажарстанда 150 жыл үстемдік құрса да өз ықпалын күшейте алмады. Бейбіт әдістер де, күш қолдану да Мажарстандағы ислам дінінің өрістеуіне әсер еткен жоқ. Балқан елдеріндегідей күштеп исламдандыру, мұсылман дініне жаппай көшулер болған емес. Жаулап алушылар мажар елдерін өз тілін қабылдауға да мәжбүрлеген жоқ. Мажарстанда әрқашан шағын мұсылман халқы болған және солай болып қала берді. Бұл елде христиандар мен мұсылмандар бейбіт қатар өмір сүріп, 1916 жылы Мажарстан парламенті Еуропада алғашқылардың бірі болып исламды Мажарстанның ресми діні ретінде бекіткен кезде де қос дін өкілдерінің татулығы айқын көрінді. Мажарстан готикалық өнердің шығыс шекарасы мен түрік-ислам сәулет өнерінің солтүстік/батыс шекарасын тең дәрежеде көрсететін ел.

Көрме үш тілде қысқаша сипатталған 28 сурет пен фотосуреттен тұрады.

Көрме 25 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Мекен-жайы: Самал-1, 44.

Популярное

Hi-Tech