2024 ж. 27 қыркүйек күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ынтымақтастық аясында «Даму, инновациялар және ашықтық: жаңа дәуірде Қытайды жаңғыртуға қол жеткізу» көрмесін ашады.

Бұл іс-шара музейдің ҚХР консулдығымен жемісті өзара іс-қимылының 20 жылдан астам дәстүрін жалғастырып, Қытайдың тарихы, мәдениеті мен өнеріне арналған мәдени байланыстарды дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Мәдениеттің түрлі аспектілеріне арналған жобаларды жүзеге асыру арқылы музей келушілерді Қытайдың бай тарихымен, мәдени дәстүрлерімен және заманауи дамуымен таныстыруды жалғастыруда.

Қытай жаңа дәуірдің басынан бастап Коммунистік партияның басшылығымен барлық реформаларды дәйекті түрде тереңдетіп, қытай үлгісіндегі жаңғыртуды алға тартты. Осы үдеріс барысында бірқатар стратегиялық бастамалар қабылданды, трансформациялық тәжірибелер енгізілді, серпінді нәтижелерге және елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл Қытайға социалистік жаңғыртылған мемлекеттің құрылыстағы жаңа кезеңге сеніммен кіруге мүмкіндік берді.

Даму – ел алдында тұрған барлық мәселелерді шешудің кілті деген қағидатты ұстана отырып, Қытай дәйекті түрде дамудың жаңа тұжырымдамасын енгізеді, оның жоғары сапада орындалуын қамтамасыз етуге баса назар аударады. Бұл экономикалық, ғылыми-техникалық, қорғаныс қуатын және жалпы ұлттық әлеуетті едәуір нығайтуға ықпал етті. Қытай бала күтімін, білім беру қызметтерін, жұмыспен қамтуды, медициналық қызмет көрсетуді, зейнетақымен қамсыздандыруды, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуде және халықтың осал топтарын қолдауда елеулі прогреске қол жеткізе отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға басымдық береді. Сәйкесінше, халық арасында ризашылық, бақыт пен қауіпсіздік сезімі ұдайы өсіп келеді. Сондай-ақ, Қытай адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүру идеясын ілгерілетіп, «Жасыл» даму тұжырымдамасын талап ету арқылы «Әдемі Қытай» құрылысында үлкен қадамдар жасады.

60 астам фотопанельді қамтитын «Даму, инновациялар және ашықтық: жаңа дәуірде Қытайды жаңғыртуға қол жеткізу» көрмесі Қытайдың соңғы жылдардағы (2012-2024 жж.) түрлі салалардағы жетістіктері мен жаңғыру үдерісін, халықаралық ынтымақтастық саясаты мен дамуын айқын көрсетеді (2024 ж. 4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы өтті, онда 26 қорытынды құжат қабылданды). Фотосуреттер Қытайдың экономикалық дамуы, ғарыш, су асты және авиация салаларындағы («Тяньвэнь» және «Чанъэ» бағдарламалары ғарыштың шексіз кеңістігін зерттейді, «Фэндоучжэ» және «Шэньхай-1» аппараттары теңіз тереңдіктерін бағындырды, ал «Айда-Моду» және ірі кең фюзеляжды C919 авиалайнері Қытай өндірісінің қарқынын дәлелдеді) жетістіктерін көрсетеді. Қытайдың басты жаңа жетістіктерінің қатарына көлік жабдықтары мен техникасын, жаңа энергия көздерін тұтынушы автомобильдерді, литий батареяларын және күн панельдерін дамыту кіреді. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы ынтымақтастық шеңберінде, 2023 ж. Астанаға Қытайда шығарылған Yutong автобустарының партиясын тапсыру рәсімі өтті.

Келушілер сонымен қатар өнеркәсіптің, роботатехниканың және цифрлық өндірістің дамуымен қатар, медициналық технологиялармен, денсалық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен таныса алады. Фотосуреттер Қытайдың бай мәдени және табиғи мұраларының қазыналарын көрсетеді (2024 ж. Қытайдың Дүниежүзілік мұра нысандарының саны – 59-ға жетті).

Көрме 2024 ж. 14 қазанына дейін жалғасады.

Мекен-жайымыз: Самал-1, 44-үй.