2024 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің жаңа концерттік маусымының ашылуы өтеді.

Концертке қатысушылар:

Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық     симфониялық оркестрі. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қанат Омаров.

Дирижерлер: Әділ Бестембеков, Қуаныш Исмаилов.

Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Бейімбет Демеуов.

Солистер: Абай атындағы ҚазҰОБТ солистері - Зарина Алтынбаева (сопрано), Оксана Давыденко (меццо-сопрано), Дамир Садуахасов (тенор), Таир Тажи (бас).

Бағдарламада: Л.Бетховен –  Симфония №9

Концерттік бағдарламада музыка тарихындағы ең ұлы шығармалардың бірі – Людовиг ван Бетховеннің №9 симфониясы орындалады. Симфониялық оркестрдің құдіреті мен ұлылығын хордың шабыттандырған үнімен үйлестіретін бұл үлкен туынды барлық классикалық музыка әуесқойлары үшін жарқын және ұмытылмас оқиғаға айналады. Бетховеннің №9 симфониясы – бостандық, бауырмалдық, қуаныш ұғымын тыңдарманға таза үнмен жеткізетін бірегей шығарма. Маэстро Қанат Омаровтың жетекшілігімен оркестр мен хор солистері, тыңдаушыларға өмірлік құндылықтарды сездіріп қана қоймай, барынша тақырыпты жеткізетіні сөзсіз. Музыкадан мән іздей білген қауым үшін оркестрдің әрбір өнері өміршең болып естіледі.

Сіздерді осы үлкен музыкалық шараның қадірлі қонағы болуға шақырамыз!