2024 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызында сағат 19:00-де Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының жаңа маусымның ашылуына арналған концерті өтетіндігін хабарлаймыз!

Республикаға еңбегі сіңген ұжым, Бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанған Мемлекеттік хор капелласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына 1935 жылы кірді. Яғни, дәл биыл хор капелласы 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының репертуарында шетел классиктері мен еліміздің саңлақ композиторлары Б.Байқадамов, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, М.Сағатов, С.Мұхамеджанов, Ж.Тұрсынбаевтың шығармалары берік орын алған. Осындай шығармашылық-көркемдік әлеуеті биік капелла ұжымы Қазақстанда ғана емес, шетел сахналарында да өнер көрсетіп келеді.

Кеште Қазақстанның халық әртісі иегерлері - Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев қонақ болып, өз өнерін көрсететін болады. Бағдарламада қазақ және шетел композиторларының шығармалары орындалады.

Бағдарламада:

Көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Бейімбет Демеуов.

Кеш қонақтары:

Қазақстанның халық әртістері:

  • Роза Рымбаева
  • Айгүл Үлкенбаева
  • Рамазан Стамғазиев

Халықаралық байқаулардың лауреаты

  • Фархат Кубиев
  • Әзиза Әбдрейм
  • Дияр Нұрсұлтанов

Бағдарламада:

  • С.Сейфуллин – «Тау ішінде»
  • С.Бәйтереков – «Күй»
  • М.Сағатов - «Жайлауда»
  • Ғ.Жұбанова - «Жалғыз емен»
  • Л.Хамиди - «Бұлбұл» хорға өңд. А.Молодов
  • О.Лассо – «Эхо»
  • С.Рахманинов – «Богородице дева, радуйся»
  • Г.Свиридов – «Наташа» «Пушкинский венок» хор концертінен
  • Г.Свиридов  - «Стрекотунья белобока»
  • З.Кодай – «Ел цыган соленый сыр»
  • Б.Байқадамов – «Би күйі»
  • Б.Байқадамов - «Су тасушы қыз»
  • Қаз. хал.әні – «Ахау керім»
  • Жаяу Мұса – «Ақсиса»
  • Қаз.хал.әні – «Аққурай»
  • Қаз.хал.әні – «Елигай»
  • Қаз.хал.әні – «Жайдарман»
  • Қаз.хал.әні – «Шолпан»
  • Е. Үсенов - «Кербез сұлу» өңд. Ә. Толықпаев
  • Алтынай - «Ақжелең»
  • Ақан Сері - «Шырмауық»
  • Ақан Сері – «Мақпал»
  • Абай - «Желсіз түнде жарық ай»