Ұйымдастырушылар:
- Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі
Өткізілетін күні:
2024 ж. 4-16 қазаны
Өткізілетін орны:
ҚР Мемлекеттік орталық музейі,Алматы, Самал-1, 44
2024 жылғы қазанның 4-16 аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен орталық музей бірлесіп ұйымдастырған «Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы» көрмесі өткізіледі. Іс-шара «Қазақстан және Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасы шетелдің архивтік қорларының жинақтарында» ғылыми жобасының шеңберінде өткізіледі. Көрмеде ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің объективті тарихын қалпына келтіру мақсатында, шетелдің архивтері мен қорларынан алынған тарихи жәдігерлердің бірегей көшірмелері ұсынылады.
Көрменің мақсаты – көне және ортағасырлық дереккөздер призмасы арқылы ертеден қазіргі заманға дейінгі қазақ мемлекеттілігі тарихының шынайы бейнесін қалпына келтіру. Көрмеде қазақтың этногенезі, мәдениеті және мемлекеттік дәстүрлерін зерттеуде құнды мағлұмат болып табылатын қытай, түркі, моңғол, иран және араб дереккөздерінің материалдары бар. Пәнаралық тәсілдер мен жаңа әдістемелік негіздердің арқасында, бұл материалдар Ұлы дала аумағындағы тарихи процестер мен оның іргелес аймақтардағы мәдени әсерін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.
Іс-шара шеңберіндегі «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті бойынша карталар каталогы (ерте заман, орта ғасырлар, жаңа заман)» – көрменің өзекті оқиғаларының бірі болмақ. Бұл каталогқа Еуразиядағы геосаясат, мәдени трансформациялар және халықтар әрекеттестігіндегі өзгерістерді көрсететін бірегей карталар енген. Каталог Ұлы дала тарихы және мәдениетімен айналысатын ғалымдар, тарихшылар және жалпы жұртшылық үшін құнды дереккөз болмақ.
Көрмеде Қытай, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Италия, Дания, Швеция және Венгриядағы қорлардан алынған архивтік құжаттар және ішіне миниатюралар, картиналар, фотосуреттер мен бұйымдар кіретін визуалды артефактілер ұсынылады. Осы экспонаттар қазақтар және Еуразияның басқа халықтарымен тарихи байланыстары мен әрекеттестігін дәлелдейді.
Қазақ хандығы тарихы және оның көршілес мемлекеттермен қатынасы, сондай-ақ, қазақтардың мемлекеттік құрылысы және этникалық сәйкестілігі мәселелеріндегі түйінді сәттерінің басын ашатын «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған материалдарға айрықша назар аударылады. Көрме заманауи Қазақстандағы ұлттық сәйкестілікті қалыптастыруға негіз болатын тарихи сабақтастық пен мәдени әрекеттестіктің маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.
Көрме – Қазақстанның бай тарихын көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беруде, ұлттық идеяны қалыптастыру мен әлеммен мәдени байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Көрменің ресми ашылуы 2024 ж. 4 қазаны сағат 15.00-де