2024 жылдың 9 қарашасында сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы камералық залында филармония солистерінің қатысуымен «Сырлы саз» атты концерт өтетінін хабарлаймыз.
Орындаушылар:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Нүркен Әшіров,
Мәдениет қайраткері - Ержан Әлімбетов,
Мәдениет саласының үздігі - Мақпал Қазыбекқызы,
Халықаралық байқаулардың лауреаттары - Біржан Бәзілжан, Жанқожа Аяпов.
Бағдарламада:
- Махамбет – «Жұмыр қылыш»
- Құрмангазы – «Төремұрат»
- Қазанғап - «18 жасар Балжан қыз»
- Сүгір – «Шалқыма»
- Қаз.хал.әні - «Шынар-ай»
- Ж.Жабаев – «Жиырма бес»
- Қаз.хал.әні - «Арман-ай»
- Қаз.хал.әні - «Қарай-көзім»
- Қаз.хал.әні - «Айжанай»
- Қаз.хал.әні – «Ақайша»
- Қаз.хал.әні - «Асыл жарға»
- Таңжарбайдың әні - «Бағила»
- Үкілі Ыбырай - «Қараторғай»
- Ә.Найманбаұлы - «Қысмет»
- С.Сейфуллин - «Тау ішінде»
- Т.Шапай - «Дәриға дәурен»
- Н.Әшіров – «Көкшолақ»
- Құрманғазы – «Қайран шешем»
- Д.Нұрпеисова – «Бұлбұл»
- Ә.Шыңғожаев – «Балдырған»
«Әнді сүйсең, менше сүй» - деп Абай ақын жырлаған әуелеген әннің құдіретінің шексіз екенін тағы бір дәлелдейтін сәт туды. Рухани әлемге сапар шегіп, бір сәт қазақтың жазық даласын сипаттайтын дәстүрлі ән өнерінің тағы бір тамашасын филармонияның жетекші солистері паш ететін болады.
Талғампаз тыңдарманды кеш бағдарламасында қазақтың халық әндері мен күмбірлеген күйлері күтетін болады. Ежелгі қазақ мәдениетінің әлеміне еніп, ұлттық аспаптардың әсерлі үні мен дарынды музыканттардың виртуозды орындауынан ләззат алудың бірегей мүмкіндігі туып отыр. Құрметті әріптестер, дәл осы халық әндерінен құралған ұмытылмас кештің қонағы болып, әрі ақпараттық қолдау берулеріңізді сұраймыз!