2024 жылдың 12 қараша күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің «Trombone Tribute» концерт өтетінін хабарлаймыз.
ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайртакері, «Құрмет» орденінің кавалері - Қанат Ахметов.
Солистер:
- Ресей Үлкен театрының солисті, Москва консерваториясының оқытушысы – Досхан Жексембай,
- Мейрамбек Джаникулов,
- Нұртас Қалтаев,
- Нұржан Қалиасқар,
- Диас Омаров.
Бағдарламада:
- Р. Вагнер - «Лоэнгрин» операсының 3-ші бөліміне антракт
- Ф. Гидаш - Бас тромбон және оркестрге арналған рапсодия
- Е. Рейхе - №2 концерт
- С. Калинкович - Баритон және оркестрге арналған концерт
- Д. Буржуа - Бас тромбон және оркестрге арналған концерт
- Б. Аппермон - «Краски» тромбон және оркестрге арналған концерт
- Р. Вагнер - «Тангейзер» операсынан увертюра
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі өзінің классикалық шығармалардың шеберлігімен танымал ұжым өнер сүйер қауымға ерекше бағдарлама ұсынады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Қанат Ахметов.
Тромбон - үрлемелі музыкалық аспап. ХV ғасырдың басында Еуропада сэкват деген атпен пайда болып, содан бері оның қарапайым құрылымы онша көп өзгеріске ұшырамаған. Тромбон аспабы жезден жасалады. Жалпы тұрқы 1200 мм-ге жуық Тромбон негізінен оркестрде және әртүрлі ансамбльдерде кеңінен қолданылады, жеке де ойналады. Ал, XX ғасырдың ортасынан Қазақстанда да кең тарала бастады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі тромбон аспабына арналған концерті өтеді. Аспап шеберлері кеште қонақ болып, филармония сахнасында тромбон аспабымен орындалатын туындыларды тыңдарманға паш ететін болады.