2024 жылдың 22 қараша күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар Сазы» оркестрінің Қазақ және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, қазақтың бұлбұлы, қазіргі қазақ ән өнерінің анасы Бибігүл Төлегенованың шығармашылығына арналған концерті өтеді.
Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар Сазы» оркестрі.
Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Дінзухра Тілендиева.
Дирижер: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі - Жалғасбек Бегендіков,
Халықаралық байқаулардың лауреаты - Әбілқайырхан Бейсеков.
Солистер:
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Гүлзат Дәуірбаева,
- «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері - Әйгерім Шәріпбек,
- Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Фархат Кубиев,
- Нұрғалым Аманбаев,
- Жұлдыз Байжұма,
- Аяжан Қуанышалиева,
- Айдос Жабағин.
Бағдарламада:
- Н.Тілендиев – «Ата толғауы»
- Ә.Қазақбаев - «Жамбыл» операсынан дуэт
- С.Мұхаммеджанов – «Тербеледі тың дала»
- Г.Доницетти - «Линда ди Шамуни» операсынан Линданың каватинасы
- Халық әні - Гауһартас
- Л.Хамиди – «Бұл – бұл»
- Н.Тілендиев – «Кел еркем Алатауыңа»
- Н.Тілендиев – «Жан сәулем»
- А.Зацепин – «Вальс о весне»
- Е.Брусиловский - «Қыз Жібек» операсынан «Гәкку»
- Л.Делиб - «Испанское болеро»
- Н.Тілендиев – «Жан жарым»
- Н.Тілендиев – «Қарлығаштар»
- Ч.А.Биксио - «Mamma»
- Л.Ардити – «Поцелуй»
- Д.Тілендікеліні - «Бибігүлге»
- Н.Тілендиев – «Көңілді бикеш»
- Ф.Легар - «Джудитта» операсынан Джудиттаның ариясы
- Дж. Россини - «Севильский Цирюлник» операсынан Фигароның каватинасы
- Халық әні - «Ақ қурай»
- Н.Тілендиев – «Аққу»
1982 жығы 2 қазанда Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы – этнографиялық оркестрі қазақтың ұлттық музыка аспаптарының – қазіргі және байырғы бай жинағымен танысу мүмкіндігін береді. Баға жетпес мәдени мұра болып есептелінетін қазақтың музыкалық аспаптары біздерге ғасырлар қойнауынан жетіп отыр. Белгілі музыкатанушы, өнер ғылымының докторы, профессор Болат Сарыбаевтың ғажайып зерртеулерінде қазақ халқының музыкалық мәдениеті тарихының жанды беттері жатыр. Домбыра мен қобыздан басқа, «Отырар сазы» оркестрінде байырғы қазақ аспаптары – жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай мен сазсырнай, сыбызғы, сондай-ақ ұрмалы аспаптар – асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, қайрақ үн қатады. Осындай дыбыстардың алуан түрлілігі оркестрге ұлттық фольклордың бай төлтума үлгілерін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді. Оркестрдің алғашқы бас дирижеры, КСРО халық әртісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы, белгілі қоғам қайраткері, композитор Нұрғиса Тілендиев ұжым алдына осындай биік мақсат қойып, ол басқарған оркестр миниатюралар мен әндерді ғана емес, ірі драмалық ойларды да жеткізе алатын мүмкіндігі кең ұжым қатарына көтерді. Бүгінде ұрпақтар сабақтастығын паш етіп, оркестрге Н.Тілендиевтің қызы – Динара Тілендиева жетекшілік етеді. Оркестр Қазақстанның қалаларында ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерде – Иракта, Мароккода, Вьетнамда, Солтүстік Кореяда, Германияда, Испанияда, Түркияда, Сауд Аравиясы және басқа да көптеген елдерде концерттер берді. 1996 жылы «Отырар сазы» оркестрі Жамбыл атындағы халықаралық қор сыйлығының лауреаты болды. Ұжым қазақтың музыкалық фольклорының үздік үлгілерін сақтап қана қоймай, қазіргі заманғы дыбыс үйлесіміндегі үнмен және оркестрдің бай тембрлік – бояулық мүмкіндіктерімен орындалған жаңа өңдеулермен жетілдіріп отырады.