2024 жылдың 15 желтоқсан күнісағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында «The Best of музыка Германии» атты концерті өтетінін хабарлаймыз.
Кеште филармония солистері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлжан Өзенбаева (фортепиано), Аида Аюпова (скрипка), Гүлнара Құрамбаева (фортепиано), «Құрмет» орденінің кавалері - Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Мәдениет саласының үздігі - Мұса Керімбаев (виолончель), Халықаралық байқаулардың лауреаттары: Майа Сепп (фортепиано), Федор Артамонов (виолончель), Әділ Несіпбаев (фортепиано), Салауат Кәрібаев (виолончель), Ғалымжан Нарымбетов (аккордеон), Дамир Бүркітбаев (кларнет), Александра Наумова (фортепиано).
Бағдарламада:
И.С.Бах - Үлкен орган прелюдия және фуга ля минор прелюдиясы ор.543 аккордеонға арнап өңделген
И.Бах - Виолончель және фортепианоға арналған «Ария»
Р.Шуман - «Фантастикалық шығарма» сюитасынан виолончель және фортепианоға арналған Бір шығарма
И.Брамс – Фортепианоға арналған Екі интермеццо ор.119
И.Брамс - Скрипка және фортепианоға арналған «Скерцо»
Р.Шуман - Виолончель және фортепианоға арналған «Адажио және аллегрo»
Л.Бетховен – №17 фортепианоға арналған сонатадан «Финал»
Р.Вагнер - Скрипка және фортепианоға арналған «Романс»
Р.Штраус – «Дон Кихот» фантастикалық вариациялардан виолончель және фортепианоға арналған «Финал»
К.Вебер - Кларнет және фортепианоға арналған Үлкен концерттік дуэт ор.48, І-бөлім
И.Пахельбель – Органға арналған прелюдия, фуга және чакона ре минор