2024 жылғы 20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді.

Жоба «Туған жер», «Біз біргеміз» және «Жаңа Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырылуда. 

Ғаламдану, мәдени және әлеуметтік өзгерістер жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау – мәдени кодты, мұраны және қоғамдағы үйлесімділікті сақтаудың маңызды факторы. Бұл – рухани және мәдени сабақтастықты қамтамасыз ететін негіз. Ол біздің мәдениетімізді және ұлттық санамызды қалыптастыратын құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. 

«Біздің жеріміз – ұлттық бірліктің басты негіздерінің бірі»  және біздің міндетіміз – жастардың санасын оятып, олардың патриотизмін, көшбасшылық қасиеттері мен әлеуетін дамыту. Бұл мақсатқа Қазақстанның ұлттық тарихын, мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосқан белгілі тұлғалардың жетістіктері арқылы қол жеткізуге болады. 

Жобаға қатысушылар қатарында Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Роза Рымбаева және басқа да танымал тұлғалар бар. Олардың өмір жолы мен еңбектері жастарға өз ісінде табысқа жетудің үлгісі ретінде көрсетіліп, олардың кәсіби жетістіктерінің негізінде қандай адамгершілік құндылықтар жатқанын түсіндіреді. 

«XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің мақсаты – келушілерді еліміздің танымал тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, олардың жетістіктері мен табыстарын суретшілер мен танымал адамдардың бірлескен еңбегі арқылы көрсету. Бұл көрме олардың шығармашылығы мен ерен еңбегінің еліміздің дамуы үшін маңыздылығын көрсетіп, олардың есімдерінің мәңгілікке ел жадында сақталатынын дәлелдейді.   

Суретшілер адам бейнесі арқылы философияны, идеяны, ішкі жан-дүниені, эмоциялар мен оқиғаларды жеткізеді. Мұның бәрі кескіндеме туындысына айналады. 

Бұл жоба жастарды шабыттандырып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге баулуға, олардың санасы мен қиялын оятып, өнерге қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.      

Қазақстанның танымал тұлғалары мен суретшілердің бірлесіп жасаған өнер туындылары еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің жылнамасын бейнелейді. 

Жобаға қоғам қайраткерлері, еліміздің танымал тұлғалары, суретшілер және шетелдік қонақтар қатысты. Олардың қатарында: Ақмарал Құсайынова, Болат Хамзин, Мереке Нұрлан, Михаил Ведерников, Виталий Ведерников, Абдусамат Каримов, Гүзәл Айратовна, Михаил Коробков және т.б бар.

Көрмеде 100-ден астам танымал тұлғаның қатысуымен жасалған 150-ден астам өнер туындысы ұсынылады. Олар:

  1. Асанәлі Әшімов
  2. Мақпал Жүнісова
  3. Бибігүл Төлегенова
  4. Роза Рымбаева
  5. Арманжан Байтасов
  6. Смағұл Елубаев
  7. Жан Байжанбаев
  8. Олжас Омарұлы Сүлейменов
  9. Лаки Константинович Кесоглу
  10. Бисенғалиев Марат Саметұлы
  11. Бейсен Құранбек
  12. Илья Александрович Ильин
  13. Төрегелді Шарманов
  14. Ұлықбек Есдәулет
  15. Жансейіт Түймебаев
  16. Асылы Осман
  17. Әбдіжамил Нұрпейісов
  18. Мұрат Жұрынұлы Жұрынов
  19. Аюханов Болат Ғазизұлы
  20. Секен Тұрысбеков
  21. Ермек Кәрімжанұлы Тұрсынов
  22. Мұрат Мұқтарұлы Әуезов
  23. Ибраимов Ермахан Сағиұлы
  24. Мэлс Хамзаұлы Елеусізов
  25. Тауекел Мүслім
  26. Айбек Нұғымаров
  27. Сырымбек Тау
  28. Өркен Кенжебек
  29. Қанат Ислам
  30. Дулат Исабеков
  31. Мұхтар Шаханов
  32. Алтынбек Қоразбаев
  33. Рүстем Жаныаманов
  34. Ринат Зайытов
  35. Бахтияр Артаев
  36. Роза Әлқожа
  37. Досымжан Таңатаров
  38. Қайрат Закарьянов
  39. Алтынай Нөгербек
  40. Бибігүл Нүсіпжанова