2025 жылдың 8 қаңтар күні 16.00 Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Александр Белов пен оның ұлы Петр Беловтың «Қас-қағым сәттегі сұлулық» атты көрмесі ашылады.
Экспозицияда 40 астам көркем және графикалық жұмыстар ұсынылған.А.П. Белов 1961 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін бітірген. Сурет өнері шеберлері - А.Дячкин, Ү.Әжиев, М.Кенбаев, И. Квачкодан білім алған.
Суретші мамандығын таңдауға танымал қазақстандық суретші және педагог И.Я. Стадничукпен таныстығы және достығы көмектесті.
Белов жалпы білім беретін мектепте педагокикалық қызметте, комсомолда жүріп үлкен тәжірибе жинақтады. Содан кейін 1980 жылдары оны Қазақ КСР Білім министрлігіне шақырады, онда республикадағы өнер мектептері желісінің жоспарлы дамуына ықпал еткен көркемдік тәрбие жүйесін әзірлеуге қатысады. Қазақстан Суретшілер одағында көрме директоры болып жұмыс істеді, сонымен қатар шығармашылық қызметін жалғастырды, жеке көркемөнер көрмелерін өткізді.
А. Беловтың кескіндемесінің негізінде шындықты бейнелеудің нақты тұжырымдамасы жатыр, бұл оның бүкіл шығармашылық жолында берілген. Жанрлардың әралуандығы кезінде Беловтың натюрморты дәйекті түрде дамыды. Табиғат сыйын - жеміс, гүлдерді бейнелей отырып, автор кең палитраны пайдаланып, ашық шырынды үндерден ұстамды, тіпті монохромды күйге дейін еніп, табиғаттың жомарттығы мен сұлулығын ашады.
Сонымен қатар, суретші портреттер мен жанрлық картиналарға жүгінеді. Шебердің замандастары оның суреттерінің кейіпкерлеріне айналады, онда суретші олардың келбетін, мінезін, эмоцияларын көрсетеді. Мәнерлі кенеп жеңіс кейіпкерлерін көптен күткен жаңалықты білген сәтте бейнелейді. Ортақ қуаныш пен керемет сәт, жаңа өмірді күту, танктер тиелген эшелондар аясында бір топ адамды топтастырған сәт - Отан үшін жан кешкен қарапайым да ержүрек адамдардың күшімен көптен күткен жеңіс келді.
Көрмеде суретшімен бірлескен автор болған оның ұлы, еңбектері қазақстандық көрерменге жақсы таныс Петр Белов.
Петр Белов 1967 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, содан кейін 1994 жылы Т.Жүргенев атындағы Қазақ көркемсурет академиясын (монументалды кескіндеме кафедрасы) бітірген. Оның педагогтары – танымал кескіндеме шеберлері К. Телжанов, А. Бапанов болды.
П. Беловтың танымал жазу тәсілі гиперреализмге жақын – ол бөлшектерге назар аудару және екпін қою, заттардың құрылымы мен қасиеттерін шеберлікпен жеткізу, олардың сыртқы формасынан тыс көрінуге тырысу, заттар мен құбылыстардың метафизикасын ашу қабілетін көрсетеді. Экспозицияда орындаудың жоғары деңгейдегі графикалық автопортреттер сериясы ұсынылған, онда автор өзін еркін қалыпта көрсетті, оның назары көрермендерге тікелей бағытталған. Автопортретте суретші қарындашты шеберлікпен меңгеріп, түрлі ұстамды эмоцияларды бейнелейді, көлеңкелі бейненің көлемділігін, фактуралылығын, сипатын көрсетеді. Петр Белов бүгінде қазақстандық өнер шеберлерінің реалистік кескіндеме тіліне аса берілгендерінің бірі болып табылады. Көптеген республикалық, халықаралық көрмелер мен фестивальдердің қатысушысы бола отырып, ол өз елінде ғана емес, шетелде де танымал болды.
Әкесі мен баласының көрмесі өз мамандығына деген адалдығының жарқын үлгісі - суретші болу, сұлулық жасау, адамзатқа өз сыйын берген табиғат көрінісінің керемет сәттерін ұстау. Ондағы барлық нәрсе көркем де керемет!
Көрме кураторы Нугуманова Ш.М.