2025 жылдың 18 қаңтар күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы Камералық залында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «И.С.Бахтың 340-жылдығына арнау» атты концерті өтеді. Квартеттің көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері– Ернар Мыңтаев.
Құрамында:
- Айдар Тоқталиев (скрипка)
- Алексей Лебедев (скрипка)
- Бекзат Сайлаубайұлы (альт)
- Ернар Мыңтаев (виолончель)
Бағдарламада:
- И.С.Бах - «Die Kunst Der Fuge»
- Ф. Мендельсон - Квартет №2 опус.44
- А. Тоқсанбаев - Квартет «My respect to Mr. Tattimbet»
Ішекті аспаптар квартетінің алғашқы құрамы 1988 жылы Алматы қаласының Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде құрылған болатын. Бүгінгі шығармашылық ұжымда орындаушылардың төртінші буыны қызмет етуде.
Ішекті квартеттің негізін салушы, ұжымның көркемдік жетекшісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, шебер виолончелші - Ернар Мыңтаев. Мемлекеттік квартет Қазақстанның ең үздік камералық ансамбльдерінің бірі болып саналады. Оның жоғары орындаушылық деңгейі, виртуоздық техникасы, дыбыс сұлулығы, стильді тылсым сезінуі және биік ансамбльдік мәдениеті бірден назар аудартады. Квартеттің репертуарында көптеген әлемдік классикалық музыка қатары, Қазақстан композиторларының озық шығармалары орын алған. Ұжым көптеген белді де беделді халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты лауазымдарына ие болды. Ұзақ уақыт бойынша квартеттің ұстазы Бородин атындағы Мемлекеттік квартеттің жетекшісі, Ресейдің халық әртісі, профессор В.А.Берлинский болып, ол ансамбльге зор шығармашылық күш-қуат берді, соның арқасында музыканттар үлкен табыстарға жетіп, кемелдену биігінде қызмет етуде. Тыңдарманды квартет концертінде