2025 жылдың 17-ші қаңтарында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таң Шолпан» Халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер  қорының 25 жылдығына орай «Өмір сүру, сену, сүю...» атты көрмесі ашылады. Ұйымның негізін қалаушы және көшбасшысы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі және Еуразиялық Суретшілер Одағының мүшесі Жәмилә Такен.

Ұйым қызметінің мақсаты – Отандық және Халықаралық өнер кеңістігінде әр түрлі өнер түрлері мен жанрларында жұмыс істейтін, өзіндік жеке, ерекше көзқарасы, инновациялық идеялары және жоғары кәсіби қасиеттері бар дарынды, ерекше, креативті әйелдердің шығармашылығын насихаттау.

Қордың алғашқы көрмесі 1998 жылы «Умай Тәңірі» галереясында өтті.

Ол уақытта 11 суретшіден тұратын сенімді, жігерлі топ құрамында – Жәмила Такен, Айгүл Хакімжанова, Сангүл Қаржаубаева, Жанна Көшен, Сарвара  Нақысбекова, Сәуле Жұмашева, Ардақ Юсупова, Гүлжанат Кабижанова, Халида Мырзахметова, Фатима Жұмашева және Канададан келген суретші болды. Ал 1999 жылы алғашқы Халықаралық көрме Анкарада (Түркия)  өтті.

Алайда, объективті жағдайларға байланысты ұзақ үзілістен кейін қор өз жұмысын 2019 жылы қайта бастады. Осы кезеңдер аралығында  суретшілер өз туындыларын басқа да ұйымдастырушылық кеңістікте ұсынып отырды, соның ішінде Суретшілер Одағының мүшелері болып табылатын қор мүшелері сол қоғамның көрмелеріне қатысып, өздерінің шығармашылық қызметтерінен  алыстамады. Жинақталған тәжірибе жаңа кезеңде сенімді өмірлік және шығармашылық көзқарастарын көрсетуге мүмкіндік берді. Көптеген көрмелер мен пленэрлер өткізілді, қызықты, жарқын жобалар іске асырылды.

Қазір ұжым кеңейді, бүгінгі күні «Таң Шолпан» Қоры Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Австрия, Германия, Канада, АҚШ-тан жоғары көркемдік білімі бар, әр түрлі өнер түрлерінде: кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін шығармашылықтарымен айналысатын 70-тен астам кәсіби суретшілерді біріктіреді. Олардың көпшілігінің есімдері қалалық, Республикалық, Халықаралық көрмелерден таныс, және олардың барлығын өздерінің көркем тілін, пішін мәнерлілігін, пластикасын, түсі мен композициясын іздеуі жақындатады.

Қор идеясы және оның бағдарламасының негізі болып табылатыны – әйелдер шығармашылықпен толық айналысуы керек, олар өз мақсаттарын жүзеге асыруы керек, ал қор көрмелерді, симпозиумдарды ұйымдастыра отырып, өнер кеңістігінде олардың өнерін насихаттайды және  шығармашылықпен өсуіне көмектеседі.

 «Таң Шолпан» қоры Қазақстанда жалпы өнерді ілгерілетуді мақсат етіп қойған әйел суретшілерді жинаған жалғыз компания. Олардың өмір философиясы – өнерге, шығармашылыққа деген сүйіспеншілік, бұл олардың бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Мерейтойлық көрменің нәзік  шығармашылық әйел жанына тән «Өмір сүру, сену, сүю...» деген көп қырлы, көп мағыналы атауы бар. Олар бақыт, кездесу қуанышы, ана болу және т.б. адам өмірінің мәңгілік оқиғаларынан тұратын әрекеттер арқылы әлемнің көркем бейнесін құрайды.

Олардың үлкен жоспарлары бар, алға ұмтылғысы келетін өршіл, сонымен қатар жобада «Таң Шолпан» шығармашылық шеберхана- галереясын құру жоспары бар.

Қордың атауы кездейсоқ таңдалмаған, оның себебі Таң Шолпан – таңертеңгі жұлдыз, таңмен, қайта жаңғырумен байланысты.

Экспозиция ақпан айының 9-на дейін жалғасады.

«Таң Шолпан» Халықаралық тәуелсіз
әйел суретшілер  қорының орг. комитеті