2025 жылғы 15 қаңтар күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық Көрме Залында Жанель Искакова-Пауелстің «Туған қалам - Алматы» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда 20 кескіндеме туындылары ұсынылады.  

Жанель Алматыда дүниеге келген. Кескіндемемен айналысады, дизайнер, оқытушы. Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) «Қаржы» мамандығы бойынша оқыды. Өзін суретші мамандығында тауып, Сымбат Сән академиясында «Киім дизайны» мамандығына оқуды шешті. Содан кейін Италиядағы «Милано Бурго» сән институтын бітіріп, «Киім дизайнері және модельер-конструктор» мамандығы бойынша диплом алды.

Оның сурет салуға деген қызығушылығы балалық шағында пайда болды. Жеті жасында ол ертегілерге иллюстрацияларын сала бастады және оның балаларға арналған эскиздік альбомдары қыздарға арналған киім мен аяқ киім үлгілерімен толтырылды. «Мен өте әсерлі және арманшыл болып өстім» -деп еске алады Жанель. «Мен айналамдағы әлемді - табиғатты, адамдарды бақыладым, қаланың әсем саябақтары мен жайлы бұрыштарына, күннің әртүрлі уақыттарында ағаштардың жапырақтарына қалай тиетінін, тротуар бойында ұзартылған көлеңкелердің қалай созылатынын, күн сәулесінің астында жарқыраған субұрқақтар ағынынан ұшып келген су тамшылары қалай көрінетінін көрдім. Алматы – мен туып-өскен қала. Мұнда мен өзімнің алғашқы эмоцияларымды, армандарымды, тәжірибелерімді, мұңды, қуанышымды таптым. Бұл қаланың басқа еш жерде кездеспейтін өзіне ғана тән жайлылығы бар. Мен өзімнің таңданысымды шығармаларыммен білдіргім келді».

Негізгі орта мектептен басқа ол музыкалық мектепте фортепиано сыныбында оқыды. Кез – келген көріністегі өнер: музыка, кескіндеме, әдебиет, кино-әрқашан оның басты хоббиі болды.

Оқуды бітіргеннен кейін ол өз үлгілері бойынша және тапсырыспен киім пішіп, тігумен және кестелеумен, сонымен қатар маталарға сурет салумен айналысты. Қазақстандық және итальяндық дизайнерлердің киім топтамаларына дизайн жасады. Бірақ ол әр түрлі материалдарды – қарындаш, пастель, акварель, май және акрилды қолдана отырып сурет салуды жалғастырды. Сүйікті техникасы кенеп, майлы бояу. Қолданылатын стильдер – импрессионизм, реализм. 2017 жылдан бастап кескіндеме және картина сатумен кәсіби түрде айналысады.

Жанель түрлі байқаулар мен көрмелерге қатысты: 2018 жылы Мәдениет және спорт министрлігі «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында өткізген «Тәуелсіз Қазақстанның Топ-50 суретшісі» қазақстандық байқауы. 250 автордың ішінен алғашқы ондыққа кірді. 2021 жылы «Luxemburg Art Prize» халықаралық байқауы (Люксембург көркемөнер сыйлығы). «La Pinacotheque» музейі белгілеген жоғары көркемдік шеберлікті мойындау жөніндегі сертификат табысталды.

Көрмелерге қатысуы:

2019 жылы Exhibition "Local Art Club".  Wynwood, Miami, USA.

2019 жылы "Art Galori" галереясының көрмесі-Art Basel аясында. Wynwood, Miami, USA.

Суретшінің жұмыстары Қазақстанның, Италияның және АҚШ-тың жеке коллекцияларында сақтаулы.

Экспозиция 2025 жылдың 2 ақпанына дейін жалғасады.

Жетекшісі: Тимур Шарипов