2025 жылдың 2 ақпан, сағат 18:00-де Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залында Италияның классикалық музыкасының жауһарларын тыңдайтын «The best of музыка Италии» атты ерекше концерт өтеді. Бұл кеште филармония солистері өз өнерлерін ортаға салады.
Орындаушылар:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері:
Гүлжан Өзенбаева (фортепиано),
Гүлнара Құрамбаева (фортепиано).
Халықаралық байқаулардың лауреаттары: Жанар Сулейманова (фортепиано),
Майа Сепп (фортепиано),
Гүлнара Нұрғалиева (вокал),
Ақжан Исраил (скрипка),
Альбина Ким (фортепиано),
Олжас Сәтпаев (флейта),
Бақдәулет Жолдыбек (фагот),
Ерлан Рахметов (фортепиано),
Рысбек Асқар (вокал),
Александра Наумова (фортепиано),
Темірлан Ахымбек (аккордеон).
Бұл концерт Италияның классикалық музыкасының ең көрнекті туындыларын орындаушылардың шеберлігімен тыңдаушыларға ерекше әсер сыйлайды. Концерттің бағдарламасы Италияның ұлы композиторларының шығармаларынан құралған.
Концерттік бағдарлама:
Д.Скарлатти – Фортепианоға арналған екі соната
Н.Паганини - Скрипка және фортепианоға арналған «Кантабиле»
Г.Доницетти - Флейта, фагот және фортепианоға арналған трио
Дж.Верди - «Травиата» опреасынан Альфредоның ариясы
Т.Альбинони – Виолончель және фортепианоға арналған «Адажио»
Д.Мартуччи - «Тарантелла»
Д.Перголези – «Se tu m'ami»
Д.Пучинни - «Джанни Скики» операсынан Лауреттаның ариясы
Л.Ардити – «Поцелуй»
Л.Боккерини – Виолончель және фортепианоға арналған «Рондо»
А.Марчелло – Скрипка және фортепианоға арналған «Адажио»
Р.Руджери – Аккордеонға арналған «Рома Танго»