2025 жылдың 13 ақпан күні сағат 19:00-де Н.Тілендиев атындағы Камералық залында ерекше музыкалық кеш өтеді. «Гармония струн и клавиш» атты концерттік бағдарламада халықаралық байқаулардың лауреаттары Фёдор Артамонов (виолончель) мен Смаил Бейбарс (фортепиано) өнер көрсетеді.
Кеште классика музыкасын сүйер қауымды әлем классикасының жауһарлары мен қазақ композиторларының туындылары күтіп тұр. Виолончель мен фортепианоның үйлесімді дауысы арқылы орындалатын шығармалар музыканың тереңдігін, сезімталдығын және дыбыс сұлулығын паш етеді.
Бағдарламада:
- Ф.Шопен – Виолончель және фортепианоға арналған «Интродукция және блестящий полонез»
- П.И.Чайковский - «Pezzo capriccioso»
- М.Ростропович - «Юмореска»
- Л.Боккерини - «Рондо»
- А.Жұбанов - «Ария»
- Е.Брусиловский - «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» балетінен соло, «Бозайгыр»
- М.Ростропович – Виолончельге арналған «Модерато»
- Я.Штаркер-Х.Боттермунд – Паганини тақырыбында виолончельге
- арналған вариациялар
- С.Прокофьев - Соната №7
- А.Скрябин - Этюд ор.42, №5
- С.Рахманинов - Прелюдия ор.23, №2
- Ф.Лист - Рапсодия №12