2024 жылы27 ақпан сағат 19:00-де филармонияның Н.Тілендиев атындағы Камералық залда ерекше музыкалық кеш – «Passion» атты концерті өтеді. Бұл концерттің басты ерекшелігі – Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті мен қонақ орындаушылардың бірлескен өнер көрсетуі. Көркемдік жетекші – халықаралық байқаулардың лауреаты Бауыржан Жылқыбаев.

Квинтет құрамында:

  • Ақбар Қиарыстан (гитара)
  • Ұланбек Ахметов (бас гитара)
  • Асан Нарбота (гитара)
  • Зәуре Нарбота (гитара)
  • Бауыржан Жылқыбаев(гитара)

Концертке қатысушылар:

  • Ертай Мамырхан (фортепиано),
  • Хасан Мацаев (кахон)
  • Халықаралық байқаулардың лауреаты - Берік Ысқақ (вокал)

Бағдарламада:

  • М. Әубәкіров – «Наркескен»
  • В.Монти - «Чардаш»
  • Е.Мамырхан – «Таң алдында»
  • Ф.Шопен – «Фантазия» 
  • Gipsy kings – «Passion»
  • Gipsy kings - «Un Amor»
  • Gipsy kings – «Volare»
  • Б.Жылқыбаев – «Amigo»
  • Paco de lucia – «Entre dos aguas»
  • Chick Corea – «Spain»
  • Jesse Cook  - «That’s Right»
  • Б.Жылқыбаев -  «Almaty night»
  • Gipsy kings – «Pharaon»
  • Н.Тілендиев – «Ата толғауы»
  • Jesse Cook – «Brio»
  • Jesse Cook – «Rattle and burn»
  • Gipsy kings – «Allegria»
  • Gipsy Kings – «Bamboleo»

Қосымша ақпарат:

2024 жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті құрылды. Елдігіміздің жаңа руханиятының жаңашыл үлгісі ретінде ашылған ұжым, бүгінде гитараға ерекше реңк беріп, репертуарына түрлі шығармаларды сыйдырған.  Топтың көркемдік жетекшісі Бауыржан Жылқыбаев - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында 8 жылдық білім алып, гитара аспабының қыр-сырын зерттеген. Бір жыл бұрын жан-жағындағы жас таланттарды жарыққа шығару мақсатында жинап, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының шағырағында бас қосты. Ұжым боп құрылғалы квинтеттің осы уақыт аралығындағы үшінші концерті өткелі отыр. Бүгінде квинтет алты ішекті аспапты меншік еткен Қазақстанда баламасы жоқ ұжым болып, елдің ықыласына бөленіп келе жатыр. Керемет кештің куәсі болып, ақпараттық қолдау берулеріңізді сұраймын!