2025 жылдың 14 наурыз күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында «Бетховен / Чайковский» атты концерт өтеді. Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қанат Омаровтың жетекшілігімен өнер көрсетеді. Концерттің жеке орындаушысы – «Құрмет» орденінің кавалері, скрипкашы Еркебұлан Сапарбаев.

Концерт бағдарламасында:

Людвиг ван Бетховен – Скрипка және оркестрге арналған концерт

Петр Ильич Чайковский – Симфония №6 (Патетическая)

Л.Бетховеннің скрипка мен оркестрге арналған концерті – классикалық музыка тарихындағы ең маңызды туындылардың бірі болып табылады. Солист ретінде Еркебұлан Сапарбаевтың виртуозды орындауы бұл шығарманың ерекше көркемдігін ашып, тыңдарманға ерекше әсер сыйлайды. Ал, П.Чайковскийдің №6 симфониясы — «Патетикалық симфония» деп аталатын бұл шығарма терең сезімдер мен эмоцияларға толы, музыкалық әлемдегі ең ғажап әрі күрделі туындылардың бірі ретінде жоғары бағаланады. Бұл кештің ерекше бағдарламасы тыңдармандарды әлемдік классиканың ұлы шығармаларымен таныстырып, ерекше музыкалық әсерлерге бөлейді. Бетховеннің скрипка мен оркестрге арналған концерті мен Чайковскийдің Патетикалық симфониясы – классикалық музыканың шыңы, әрі жүректі қозғайтын туындылар. Қара шаңырақтың кезекті кешінде баршаңызды күтеміз.