«Zuleikha» спектаклі — терең сезімге толы,  жүректі елжірететін, әрі талантты актерлердің ойындары арқылы көрерменді баурап алатын ерекше оқиға жаңаша өрнектеледі. «Зулейха көзін ашады» – спектакль тозақта туған ғажайып махаббат оқиғасын баяндайды.

Продюсер: Салтанат Бақаева

Автор: Г.Яхина

Қоюшы-режиссер: Ә. Өмірбекұлы

Костюм суретшісі: А.Теміртас (соңғы жұмыстарының бірі – Мұхтар Шахановтың фототүсірілімі)

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас шектеуі: 16 +

Аннотациясы:

«Zuleikha» спектаклі — терең сезімге толы,  жүректі елжірететін, әрі талантты актерлердің ойындары арқылы көрерменді баурап алатын ерекше оқиға жаңаша өрнектеледі. «Зулейха көзін ашады» – спектакль тозақта туған ғажайып махаббат оқиғасын баяндайды.  Зулейха бәрінен: күйеуінен, үйінен,  өткенінен айырылғанға дейін үрей мен қорқыныш әлемінде күн кешеді. Өмір ол үшін түрмеге айналады, бірақ  осы қиындық пен үмітсіздік, аштық пен қорлық ахуалында жүріп ол алғаш рет еркіндік пен махаббаттың дәмін  сезінеді. Соншалықты нәзік, беймүмкін де мәңгілік мұздағы алау оттай таңғажайып сезімді бастан өткереді. Зулейханың өмірнамасы  — бақытты болмақ түгілі тірі қалудың өзі мұң болған  азапты жолдың баяны. Бірақ кей-кейде тозақтың өзі адамның өзін өзіне алғаш рет сезіндіріп, шынайы сезімнің көзін ашатыны бар. Зулейха хикаясы — тозақтың өзінен де жарық табуға болатыны туралы хикая. Қойылым режиссері - Әлібек Өмірбекұлы. Оның  шығармашылығы жоғары деңгейдегі театрдың символына айналған. Ал актерлік құрамда театр өнерінің саңлақтары: Бекжан Тұрыс, Азамат Сатыбалды, жас актер Рауан Ахмедов және спектаклдің продюсері Салтанат Бақаева да бар.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

  • Зулейха – Салтанат Бақаева
  • Муртаза – Бекжан Тұрыс
  • Упырика – Азамат Сатыбалды
  • Игнатов – Азамат Сатыбалды
  • Зулейханың ұлы – Рауан Ахмедов

ПРЕМЬЕРА: 18, 28 cәуір

Басталуы: 20:00

Мекен-жайы: Almaty theatre (Әл- Фараби даңғылы 30)

Байланыс нөмірі: +7747 955 69 44 - Замира Қазақбайқызы

https://ticketon.kz/almaty/event/zuleikha

https://www.instagram.com/p/DG8DsX2t2si/?igsh=eHc0djRkdnplY255