Бұл күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Музейлік педагогика бөлімінің мамандары «Мейірімділік–жүректен!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Айтулы акция ҚР Білім және Ғылым министірлігінің «Облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне арналды.

Музейлік педагогика бөлімінің жетекшісі З.С. Баянова, ЖШС «Айс Мастер – Айс Крим Компаниясы» бақылау-аудит бөлімінің басшысы Александр Авраменко, ОАӘҚО мекемесінің тәрбиешісі Х.АУалиева балаларды Наурыз мерекесімен құттықтап, «Наурыз –мейірімділік мейрамы. Наурыз - ұлттық құндылықтарды, ұлтаралық достықты, отбасылық сыйластықты дәріптейтін мереке» екенін атап өтті.

Шара аясында педагогика бөлімінің мамандары «Қазақ кілемінің ою-өрнегі», «Ұлы дала қызғалдақтары» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізді. «Көктем симфониясы» кескіндемелері бойынша шеберлік сабақты ҚР сүретшілір Одағының басқарма мүшесі ҚР Өнер академиясының мүшесі, суретші Мақсат Қаңтарбаев жүргізді.

Шараға «Балапан» баспасы, «Айсмастер Крим» ЖШС және «Жетісу күші» қоғамдық қоры демеушілік көмек көрсетті. «Балапан» баспасы 50 жинақтан тұратын түрлі пазлдар, лото-ойындарын, «Кішкентайлар әліппесі», «Жыл мезгілдері», «Кімнің баласы?» кітапшалары мен үстел және оқу ойындарының жинақтарын балаларға сыйға тартты.

«Айс Мастер – АйсКрим» ЖШС түрлі сүт өнімдері және балмұздақпен қамтамасыз етті. «Мейірімділік – жүректен!» акциясын қолдап, балаларға көңіл бөліп, қамқорлық танытып, тамаша сыйлықтар ұсынғаны үшін демеушілерге алғыс айтамыз.