2025 жылдың 29 наурыз күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында «Үлкен симфониялық кеш» атты концерт өтеді. Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қанат Омаровтың жетекшілігімен және Украина елінен дирижер Айдар Торыбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, скрипкашы Аида Аюпова өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасында:
- О.Татишвили – Скрипка және оркестрге арналған концерт.
- Г. Майборода – «Гуцульская рапсодия»
- Р.Штраус – «Кавалер Розы» сюитасы
Тыңдармандарды симфониялық музыканың сиқырлы әлеміне жетелейтін бұл кеш өнер мен шеберліктің мерекесі болмақ. Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің асқан шеберлігі классикалық туындылардың тереңдігін сезінуге мүмкіндік береді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпованың орындауындағы скрипка үні көрермендерді нәзіктік пен биік сезімдерге бөлейді. Бұл музыкалық кеш тыңдарманға ұмытылмас әсер сыйлап, классикалық музыканың шынайы сұлулығын паш етпек.