2025 жылы 13 сәуір сағат 18:00- де филармонияның үлкен залында филармония солистерінің «The Best of музыка Испании» атты концерті өтеді.
Орындаушылар :
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Гүлжан Өзенбаева (фортепиано), Аида Аюпова (скрипка).
«Құрмет» орденінің кавалері - Еркебулан Сапарбаев (скрипка).
Мәдениет саласының үздіктері: Мұса Керімбаев (виолончель),
Роза Бақбергенова (вокал).
Халықаралық байқаулардың лауреаттары:
Жанар Сулейманова (фортепиано),
Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка),
Майа Сепп (фортепиано),
Салауат Кәрібаев (виолончель),
Федор Артамонов (виолончель),
Әділ Несіпбаев (фортепиано),
Ақжан Исраил (скрипка),
Алла Азизханова (фортепиано),
Диана Панаргалиева (фортепиано),
Александра Наумова (фортепиано),
Гүлнұр Саргизова (прима-қобыз).
Бағдарламада:
- А.Хинастера - Фортепианоға арналған «Аргентиналық билер» ор.2
- П.Сарасате – Скрипка және фортепианоға арналған «Кармен» фантазия
- Е.Гранадос - «Андалузия»
- Г.Кассадо – Виолончель және фортепианоға арналған «Естелік»
- М. де Фалья – Скрипка және фортепианоға арналған «Испан биі»
- Г. Кассадо - Виолончель солоға арналған сюита
- П.Сарасате – Скрипка және фортепианоға арналған «Сыған әуендері»
- Г.Кассадо – Виолончель және фортепианоға арналған «Танец зелёного дьявола»
- М.де Фалья – Фортепианоға арналған «Төрт испан шығармалары» циклынан «Андалуса»
- М.де Фалья – «Жеті испан халық әндері» циклынан «Астуриана»
- Ж.Бизе – «Кармен» операсынан «Сегидилья»
- П.Сарасате – 2 скрипка және фортепианоға арналған «Наварра»
Концерттің бағдарламасы Испанияның музыкалық мұрасын толыққанды таныстыруға бағытталған. Кеште испандық классикалық музыканың ең танымал және әсерлі туындылары орындалатын болады. Әр шығарма тыңдармандарды түрлі эмоцияларға бөлеп, испан халқының бай мәдениетіне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, «Кармен» фантазиясы немесе «Сыған әуендері» сияқты туындылар әлемге әйгілі шығармалар және оларды тыңдау әрдайым ерекше сезім тудырады. Сондықтан, классикалық музыка тарихында ерекше орын алады, оларды орындалған күйде тыңдау — әрбір музыка сүйер жанның арманы. Бағдарламада әр түрлі аспаптар мен орындаушылардың үйлесімі — скрипка, фортепиано, виолончель және вокал бір сахнада орындалады. Концерттік бағдарлама жалпы испан мәдениетіне терең бойлауға, биін және рухын сезінуге мүмкіндік береді. Әсіресе, классикалық музыка мен испан мәдениетін жақсы көретіндер үшін бұл концерт тамаша мүмкіндік болады!
Билеттер: Ticketon.kz