2025 жылдың 15 сәуір күні 19:00-де Жамбыл атындағы филармонияның Н.Тілендиев атындағы Камералық залында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «Аккорды весны» атты концерті өтеді.
Квартеттің көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері– Ернар Мыңтаев.
Құрамында:
Айдар Тоқталиев (скрипка)
Алексей Лебедев (скрипка)
Бекзат Сайлаубайұлы (альт)
Ернар Мыңтаев (виолончель)
Бағдарламада:
Л.Бетховен - №11 квартет, оп. 95
П.Чайковский - №1 квартет, оп.11
Қ.Шілдебаев - Ішекті квартет
Людвиг ван Бетховеннің №11 квартеті, оп. 95, аталған композицияның күрделі құрылымы мен терең эмоцияларын тыңдарманға жеткізу арқылы классикалық музыканың символы болып табылатын Петр Ильич Чайковскийдің №1 квартеті, оп. 11 мен қазақ композиторы Қуат Шілдебаевтың Ішекті квартеті – осы концерттің басты шығармалары болмақ. Бұл концертке келген әрбір көрермен көктемнің нәзік сазы мен қуанышын сезініп, белгілі қазақ және әлемдік композиторлардың шығармаларымен таныса алады. Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті өз өнерімен тыңдарманды толқытатын ерекше музыкалық әсер сыйлайды.
Олар әр концертті тыңдармандар үшін ерекше естелікке айналдыруға тырысады. Ернар Мыңтаевтың жетекшілігімен орындалатын бұл кеш классикалық музыканың нәзік әрі жүрек тебірентер сазымен бірегей болады. Көктемнің шуақты сәтіне арналған музыкалық бағдарлама көпшілікке қуанышты маусымның атмосферасын сыйлайды.